Баптар

Мемлекеттік қызметтің стандартына енгізілген өзгерістер туралы түсініктеме

Құрылған:19.05.2016, 15:29   |   Жаңартылған:19.05.2016, 15:29

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 124-p шешімімен Халыққа қызмет көрсету орталықтары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)  болып өзгертілді.

Осыған орай, Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялауға құжаттарды қабылдау және беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асады.

Білім туралы құжаттарды  Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдау мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға және көрсетілетін қызметті алушының өз құжаттарын тұрғылықты жерден тапсыруына мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 87 бұйрығына сәйкес «Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»ҚР Білім және ғылым министрінің  2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығына өзгерістер енгізілді.