Баптар

Лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасы туралы Ереже

Құрылған:16.02.2016, 18:50   |   Жаңартылған:16.02.2016, 18:52

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасы туралы Ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Лицензиялау, нострификациялау және апостильдеу басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Басқарма  өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Министрдің және министрліктің Жауапты хатшысының бұйрықтарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Басқарманың штаттық сандарын Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес министрліктің Жауапты хатшысы бекітеді.

 

           2. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

4. Міндеті: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге мониторинг жүргізу және бағалау.

5. Функциялары:

1) бiлiм беру қызметiн жүзеге асыратын:

жоғары, жоғары білімнен кейінгі білім берудің, оның ішінде мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламаларды іске асыратын заңды тұлғаларға;

рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға білім беру қызметін жүргізу құқығына  мемлекеттік лицензияларды және (немесе) лицензиялаға қосымшаларды беру немесе бас тарту;

2) жоғары, жоғары білімнен кейінгі білім берудің, оның ішінде мамандықтар бойынша білім беру қызметін лицензиялау үшін Комитетке , сондай-ақ, рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың материалдарына алғашқы сараптамалар жүргізу;

3) білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия құру және оның жұмысын ұйымдастыру;

4) лицензия және (немесе) оған қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру;

5) «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесін қолдану;

6) Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шыққан ресми құжаттарға апостиль қою;

7) тиісті құжаттарды бере отырып, шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау рәсіміне мемлекеттік бақылау жүргізуді жүзеге асыру;

8) шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы шешім қабылдау;

9) шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау рәсімінен өтуге байланысты сараптау комиссиясының құрамын бекіту;

10) шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау рәсімінен өтуге байланысты сараптау комиссиясының отырысына қатысу;

11) басқарманың құзыретіне қатысты сұрақтар бойынша ұйымдардың және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру;

12) Басқарманың қызмет бағыттары бойынша Комитеттің аумақтық органдарына әдістемелік көмек көрсету;

13) Басқарма құзыретіне кіретін тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

14) Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша стандарттар мен регламенттерді әзірлеу болып табылады.

6. Құқықтары мен міндеттері:

1) білім беру қызметін лицензиялау үшін лицензиат тапсырған  материалдарға сараптама жүргізу үшін лицензиаттан заңнама белгілеген тәртіппен қажетті материалдарды талап етуге;

2) лицензиат ұсынған құжаттардың біліктілік талаптары және  Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкестігін тексереді және сараптамалық қорытынды жасауға;

3) білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссиясының қарауына сараптамалық қорытындыны енгізуге;

4) лицензия және (немесе) оған қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру;

5) лицензия және/немесе оған қосымшаны беру немесе лицензия және/немесе оған қосымшадан (қайта ресімдеу) дәлелді бас тарту туралы электронды түрде жүзеге асыруға;

6) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды, оған қоса мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қажетті құжаттар мен ақпаратты сұрату және алуға;

7) басқармаға жүктелген функцияларды орындау үшін мемлекеттік органдардан, өзге де мекемелерден, лауазымды тұлғалардан, сонымен қатар Министрлік пен Комитетке бағынысты құрылымдық ұйымдардан қажетті ақпараттарды сұратып алуға және талап етуге;

8) Басқарманың құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша Комитетке бағынысты аумақтық бөлімшелерге орындалуы міндетті нұсқаулар беруге;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарауға;
      10) 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 462, 464-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, әкімшілік жаза қолдану, оларды қозғау және сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу;
       11) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша                             Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

12) Басқарма құзыреті шегінде семинар, кеңес, конференция ұйымдастыруға;

13) Басқарма құзыреті шегінде Министрлік, Комитеттермен және оған бағынысты ұйымдармен ұйымдастырылған семинар, кеңес және конференцияларға қатысуға;

14) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық келісім жобаларын әзірлеу жұмысына қатысу;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Үкімет пен Министрліктің актілеріне сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру құқықтары мен міндеттері бар.

 

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

 

7. Басқарма білім және ғылым саласындағы бақылауды ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық және заңнамалық актілеріне сәйкес негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

8. Басқарманы белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

9. Басқарма басшысы болмаған кезде, оның міндеттері бас сарапшылардың біріне жүктеледі.

10. Басқарма басшысы Басқарманың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады  және басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

11. Басқарма басшысы осы мақсатта:

1) Басқарма қызметшілерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Комитет төрағасына басқарма қызметшілерін көтермелеуге, сондай-ақ оларға тәртіптік жаза қолдануға ұсыныстар жасайды;

3) Басқарма қызметшілерінің іс-сапар бағыттары, еңбек демалысы, даярлау (қайта даярлау) және біліктілік арттыру бойынша   Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізеді;

4) Комитет құзыретіне қатысты сұрақтар бойынша Басқарманың барлық қызметкерлері орындауы үшін міндетті тапсырмалар береді; 

5) Комитеттің басшылығы жүктеген өзге де функцияларды Басқарма құзыретінің шегінде жүзеге асырады.

12. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшілеріне жіберілетін құжаттарға басқарма басшысы қол қояды, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.