Баптар

Құттықтау сөзi

Құрылған:29.10.2012, 17:04   |   Жаңартылған:21.10.2013, 17:52

Құрметті сайт қонақтары!

Сіздер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ресми сайтына қош келдіңіздер.
Біз Комитеттің қызметіне қатысты мәселелер бойынша толық ақпаратты жариялауға бар күшімізді салудамыз.
«Нормативтік-құқықтық құжаттар» тарауында ҚР «Білім туралы», «Лицензиялау туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңдары, «2011-2020 жылдарға арналған білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы», «2011-2015 жылдарға арналған ҚР БҒМ дамуының Стратегиялық жоспары» орналасқан. Комитеттің жеке қызметтерін реттейтін құқықтық актілер тиісті тарауларда орналасқан.
«Жаңалықтар» тарауынан Сіз сапалы білім көрсету мәселелері бойынша өзекті ақпараттарды таба аласыз. Ата-аналар, студенттер мен оқушылар, оқытушылар және зерттеушілер, PhD докторы дәрежесіне ізденушілер, бейіні бойынша докторлар, жоғары оқу орындарының басшылары, ҒЗИ, колледждер, кәсіби лицейлер, мектепке дейінгі және басқа да білім ұйымдары, білім басқармаларының мамандары және біздің Комитеттің аумақтық Департаменттері қажетті ақпаратты осы жерден ала алады.
Құрметті сайт қонақтары Сіздер өздеріңіздің сұрақтарыңызды «Сұрақ-жауап» деген тарауда орналастыруыңызға болады.