Баптар

«Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алушылар үшін

Құрылған:09.07.2015, 09:31   |   Жаңартылған:28.04.2016, 17:42

ҚР «Білім туралы» Заңындағы өзгерістерге және ҚР Үкімет Қаулысымен 2013жылғы 18 қыркүйекте бекітілген Мемлекеттік қызметтер Тізілімінің 699 тармағына сәйкес (2015 жылдың 31 желтоқсанында өзгерістер енгізілді № 1189) «Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметінің атауы «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» болып өзгертілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 124-p шешімімен Халыққа қызмет көрсету орталықтары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)  болып өзгертілді.

Осыған орай, Білім туралы құжаттарын апостильдеу өтініштері Мемлекеттік корпорацияда қабылданады.

«Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 87 бұйрығымен 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығына өзгерістер енгізілді.