Баптар

Ғылыми кадрларды аттестаттау басқармасының Ережесі

Құрылған:16.02.2016, 18:12   |   Жаңартылған:25.10.2016, 11:58

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ғылыми кадрларды даярлау сапасын бағалау басқармасының Ережесі

 

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Ғылыми кадрларды даярлау сапасын бағалау басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Басқарма  өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Министрдің және министрліктің Жауапты хатшысының бұйрықтарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Басқарманың штаттық сандарын Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес министрліктің Жауапты хатшысы бекітеді.

           2. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

         4. Міндеті: мемлекеттік бақылау және ғылыми кадрларды даярлау сапасын арттыру, сонымен қатар, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы, ғылыми-техникалық, инновациялық жобаларды және бағдарламаларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға ұсыну.

         Функциялары:

  1.  диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені әзірлейді;
  2.   ғылыми дәрежелерді беру және  ғылыми  атақтар  беру  тәртібін әзірлейді;
  3.  философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін береді;
  4.  жоғары оқу орнының және ғылыми ұйымдарының қолдаухаты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын береді;
  5. мемлекеттің атынан белгіленген мемлекеттік үлгідегі ғылым кандидаты және докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдарын, доцент, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор аттестаттарын береді;
  6. PhD докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестерді құрады және олардың қызметін ұйымдастырады, диссертациялық кеңестердің төрағаларын бекітеді;
  7.  ғылыми дәрежелермен атақтарды беруге арналған аттестациялық істерді қарастыру жөніндегі сараптау кеңестерін құрады және қызметін ұйымдастырады;
  8.  ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынылған ғылыми басылымдар тізбесіне енетін журналдарға қойылатын талаптарды даярлайды;
  9.  ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынылатын ғылыми басылымдар тізбесін даярлайды.
  10. «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» Акционерлік қоғамының қызметін  бақылайды және үйлестіреді.

5. Міндеті: Білім және ғылым саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және оны  іске асыруға қатысу.

Функциялары:

1) ғылыми кадрлар сапасын бағалау мен даярлау, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама  барысы бойынша нормативтік және әдістемелік базасын  жасау және дамыту;

2) ғылыми кадрлардың сапасын бағалау мен даярлау саласындағы ұйымның, сондай-ақ «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» Акционерлік қоғамының қызметіне талдау және мониторинг жүргізу;

3) қызметті үйлестіру, жаратылыстану, техникалық ғылымдар, медициналық және ауылшаруашылық ғылымдар, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бойынша диссертациялық кеңестер желісін қалыптастыру және бақылау;

4) жаратылыстану, техникалық ғылымдар, медициналық және ауылшаруашылық ғылымдар, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бойынша бірыңғай талаптарға сәйкестігі туралы шешім қабылдау негізінде ғылыми дәрежелер және ғылыми атақтар  беру туралы аттестациялық істерін қарау;

5) тиісті ғылыми бағыттарға сәйкес Комитеттің сараптау кеңестерін қалыптастыру, олардың отырыстарын өткізу жұмыстарын ұйымдастыру, аттестациялық істердің уақытында өтуін бақылау; ізденушілердің аттестациялық істері бойынша сараптау кеңестерінің сараптама қорытындыларын қабылдау;

6) мемлекеттік үлгідегі құжаттар – ғылым докторы, ғылым кандидаты дипломдары, PhD саласындағы докторлар, профессор, доцент, қауымдастырылған  професср аттестаттарының көшірмелерін жасау, ресімдеу; мемлекеттік үлгідегі құжаттарды даярлау жұмыстарын ұйымдастыру;

7) PhD саласындағы докторлық диссертацияларлы қорғау туралы хабарландыруларды қарау;

8) консультативтік-кеңестік органы -Этика жөніндегі кеңесті құру;

9) ғылыми кадрларды даярлау сапасын бағалау мәселелері және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама бойынша ұсыныстар мен өтініштерді (арыздарды) қарау;

10)  ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестаттау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өз құзыреті шектеуінде республикалық семинар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу;

11) басқарма жоспарын, Мемлекеттік ғылыми-техникалық  сараптама өткізу» мемлекеттік  көрсетілетін қызмет стандартын және регламентін  жасауға қатысу, басқарма қызметінің  есебін даярлау.

6. Құқықтары мен міндеттері:

1) диссертациялық және сараптау кеңестерін қалыптастыруға, қызметін үйлестіруге және бақылауға;

2) ғылыми дәрежелер және ғылыми атақтар  беруде олардың бірыңғай талаптарға сәйкестігі туралы шешім қабылдау негізінде аттестациялық істерін қарауға, дипломдар мен аттестаттарды ресімдеуді жүзеге асыруға;

3) консультативтік-кеңестік органы -Этика жөніндегі кеңестің құрамын бекіту және қызметін қадағалау;

4) ғылыми кадрларды даярлау сапасын бағалау және даярлау саласында және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұйымдардың қызметінің мониторингі мен талдауды жүзеге  асыруға;

5) басқарма қызметіне жүктелген жұмыстарды орындау мақсатында Комитеттің құрылымдық бөлімдері, сараптау, диссертациялық және ғылыми кеңстерден қажет материалдарды, мәліметтерді  алуға;

6) ғылыми кадрларды даярлау сапасын бағалау және даярлау, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама мәселелері бойынша  министрлік, ведомстволар және ұйымдардан ақпарат алуға;

7) ғылыми кадрларды даярлау сапасын бағалау мәселелері, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық құжаттары мен заңнамалық актілерінің жобаларын даярлауға қатысуға;

8) ғылыми кадрларды даярлау сапасын бағалау мәселелері, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама бойынша нұсқаулық-нормативтік құжаттарды жасауға қатысуға;

9) ғылыми кадрларды даярлау сапасын бағалау мәселелері, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама бойынша басқа министрліктер мен ведомостволарда  Комитет тарапынан өкіл болуға;

10) Комитет және ұйымдардың басшылықтарының келісімімен диссертациялық, ғылыми кеңестердің қызметіне мемлекеттік инспекциялауға қатысуға жоғары оқу орындарынан, ғылыми-зерттеу және басқа ұйымдардан, олардың ведомостволық тәуелділігіне қарамастан, мамандарды тартуға;

11) Басқарма қызметіне қатысты мәселелер бойынша қажетті ақпарат алу үшін  ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беретін кеңестер қызмет ететін ұйымдарға, олардың ведомостволық тәуелділігіне қарамастан,  өз қызметкерлерін жіберуге;

12) жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу, сондай-ақ басқа ұйымдармен, азаматтармен  Комитет келісімімен Басқарма құзыретіне қатысты мәселелер бойынша хабар алмасып тұруға;

13) ғылыми кадрларды даярлау сапасын бағалау, даярлау мәселелерін шешу мақсатында ұсыныстарды даярлау үшін жетекші ғалымдар мен мамандарды, оның ішінде шетелдік мамандарды да, қатыстыруға;

14) білім саласының құрылымдық бөлімдерінің мәліметтер банкісін белгіленген тәртіпте қолдануға;

15) ғылыми кадрларды даярлау сапасын бағалау мәселелері, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама бойынша, жекеменшік формасына, ведомстволық тәуелділігіне қарамастан, білім және ғылыми ұйымдарға кеңес беруге;

16) Қазақстан Республикасы заңнамаларына, сондай-ақ Үкімет пен Министрлік актілерініне сәйкес басқа да құқықтарын жүзеге асыруға.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

7. Басқарма білім және ғылым саласындағы бақылауды ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық және заңнамалық актілеріне сәйкес негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

8. Басқарманы  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төрағаның бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

9. Басқарма басшысы болмаған кезде, оның міндеттері басқарма қызметшілерінің біреуіне жүктеледі.

10. Басқарма басшысы басқарманың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады  және басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

11. Басқарма басшысы осы мақсатта:

1) басқарма қызметшілерінің  міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Комитет төрағасына басқарма қызметшілерін көтермелеуге, сондай-ақ оларға тәртіптік жаза қолдануға ұсыныстар жасайды;

3) Басқарма қызметшілерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, даярлау (қайта даярлау) және біліктілігін арттыру мәселелерін шешеді;

4) Комитет құзыретіне қатысты сұрақтар бойынша басқарманың барлық қызметкерлері орындауы үшін міндетті тапсырмалар береді; 

5) Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен актілеріне сәйкес басқа да міндеттер мен құқықтарды жүзеге асырады.

12. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшілерге жіберілетін құжаттарға басқарма басшысы қол қояды, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.