Баптар

Ғылыми дәрежелер беру қағидаларын бекіту

Құрылған:16.06.2017, 16:30   |   Жаңартылған:05.10.2017, 18:23

«Ғылыми дәрежелер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім  және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

                 БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Ғылыми дәрежелер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы                 № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми дәрежелерді беру қағидаларында:

21-тармақтың   3) тармақшасы  мынадай редакцияда жазылсын:

«3) «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге оқу үшін ұсынылатын ұйымдардың тізіміне енгізілген Ресей Федерациясының               ЖОО-ларында диссертация қорғаған адамдар үшін Қағиданың 20-тармағының  2) тармақшасында белгіленген рәсімдерсіз жүргізіледі;»;

21-тармақ 4)   тармақшамен мынадай редакцияда толықтырылсын:

«4) диссертацияларын Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және Еуразия экономикалық қауымдастығына кірмейтін мемлекеттерде қорғаған тұлғалар үшін.»;

23-тармақтың   3)  тармақшасы  мынадай редакцияда жазылсын:

«3) дәреженің берілгені туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе дәрежені беру туралы құжаттың нотариалды куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы. Диссертацияларын Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және Еуразия экономикалық қауымдастығына кірмейтін мемлекеттерде қорғаған тұлғалар үшін  апостильденген немесе қорғау мемлекетінде диссертация қорғауын легализациялайтын диплом;».

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығына» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы А.А. Пірімқұловқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі                                                Е. Сағадиев

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Бас прокуроры

Ж.Қ. Асанов  _____________

___________20___ жыл

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрі

С.Ә. Жасұзақов_____________

___________20___ жыл

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік

комитетінің  төрағасы

К.К. Мәсімов ________________

___________20___ жыл

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі,

генерал-полковник

Қ.Н. Қасымов ________________

___________20___ жыл

№ 166 от 14 апреля 2017 года