Баптар

Жиі қойылатын сұрақтар

Құрылған:10.07.2012, 15:08   |   Жаңартылған:20.05.2016, 11:07

1-сұрақ: ҰБТ-да мүгедек балаларға қандай жағдайлар жасалған?

Жауап: Бала кезінен мүгедек бітірушілер үшін (тірек-қимыл аппаратының  бұзылуымен,  қант диабетімен ауыратындар, т.б.) ҰБТ-ны өткізу кезінде жеке кабинеттер бөлінеді. Олар қажетті дәрі-дармектермен, ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Медицина қызметкерлері кезекте  болады.  Қажетті жағдайда  министрлік қызметкерлері  көмек көрсетеді.

2-сұрақ: Орыс мектебінің  бітіруші түлектері ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсыра алады ма?

Жауап: ҰБТ-да  қорытынды аттестациямен ЖОО-ға түсу біріктіріледі. Қорытынды аттестацияны өту үшін Сіз ҰБТ-ны  мектепте оқыған тілде тапсыруыңыз керек. 

3-сұрақ: ҰБТ-да мектеп бағдарламасынан тыс тапсырмалар кездеседі ме?

Жауап: ҰБТ-да пайдаланылатын тестік тапсырмалардың мазмұны жалпы білім беретін мектеп бағдарламалары шеңберінен шықпайды.

4-сұрақ: Егер мен жауап парағында жауаптарды бояғанда байқаусыздан басқа дөңгелекті бояп, ал сұрақ-кітапшасында дұрыс белгілесем не болады?

Жауап: Жауап парағы  Сіздің білімдеріңізді  растайтын жалғыз құжат. Сұрақ кітапшасында белгіленген жауаптардың заңды күші жоқ. Сондықтан  дұрыс жауаптарды  сұрақ кітапшасынан жауап парағына көшіргенде өте мұқият болу керек.

5-сұрақ: ҰБТ-ны тапсыра алмаған бітірушілермен не болады?

Жауап: Белгіленген шекті деңгейден өте алмаған бітіруші ағымдағы жылы ТжКБ білім беру мекемелеріне түсе алады. Егер бітіруші ҰБТ қорытындысымен бір немесе екі пәннен «2» алса, ол осы пәндерді мектепте дәстүрлі емтихан түрінде қайта тапсырады. Бұл жағдайда ол ағымдағы жылы республикамыздың жоғары оқу орындарына түсу құқығынан айрылады. Егер ол екіден көп «2» алса оған аттестаттың орнына анықтама ғана беріледі.

6-cұрақ. Сәлеметсіздер ме? Мен ғылым кандидатымын, магистр дәрежем жоқ,  докторантураға түсуге мүмкіндігім бар ма?

Жауап. Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі  Ережесінің   (2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 ҚР Үкіметі Қаулысымен бекітілген)   11-тармағына сәйкес докторантураға «магистр»  кадемиялық дәрежесі бар немесе медицина мамандығы бойынша резидентура бағдарламасын меңгерген тұлғалар қабылданады. Сонымен  бірге, казіргі кезде  докторантура бағдарламасын меңгеріп диссертация қорғағандарға философия докторы PhD ғылыми дәрежесі беріледі. Осыған орай ғылым кандидаты бола тұрып Сізге докторантураға түсуге  қажет жоқ.

7-cұрақ. Мен диссертациямды шетелде қорғадым, алған ғылым дәрежемді Қазақстан Республикасында қалай тануға болады?

Жауап. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің  2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми дәрежелер беру ережесіне» (бұдан әрі - Ереже) сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың шетелде алған ғылыми дәрежелерінің баламалылығын тану осы Ереженің 21 - 22 - тармақтарында белгіленген тәртіпте өздерінің жеке өтініштері немесе олар жұмыс істейтін ұйымның қолдаухаты бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беру арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге, күндізгі оқу түрінде меңгерілген кәсіптік білім беру бағдарламаларының қазақстандық докторантураның мемлекеттік жалпыға міндетті  білім беру стандарттарына сәйкестігін анықтау рәсімі өтеді. Шетелде де Қазақстан Республикасында да өткен аспирантура (докторантура)  бағдарламасы ескеріледі.

8-cұрақ.   Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алу үшін қандай талаптар бар?

Ответ. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы ғылыми дәрежесі бар және осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін тұлғаларға:

1)  диссертация қорғағаннан кейін осы ұйымдағы ғылыми және/немесе ғылыми-педагогикалық қызметтегі 3 (үш) жылдан кем емес үзіліссіз өтілі, оның ішінде жоғары оқу орнында доценттен (қауымдастырылған профессордан) төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда тиісті лауазымда 2 (екі) жы9 еңбек өтілі;

2)  диссертация қорғағаннан кейін жарияланған, ұсынылып отырған мамандық бойынша кемінде 14 (он төрт), оның ішінде:

Комитет ұсынатын басылымдарда кемінде 10 (он);

Томсон Рейтер (ISI web of Knowledge, Thomson Reuters) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық ғылыми журналдардағы кемінде 2 (екі) ғылыми еңбегі;

шетелдік халықаралық конференциялардың материалдарында кемінде 2 (екі) баяндамасы.

3)  монографиясы немесе Ғылыми кеңес ұсынған және соңғы 3 (үш) жылда басылған, көлемі 6 (алты) баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылған, жеке жазылған оқу құралы немесе оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар тұлғасы болған жағдайда беріледі.

9-cұрақ. Білім туралы құжат (диплом, аттестат) шет елде берілген. Қазақстанда оқуды жалғастыру немесе жұмыс істеу үшін Дипломды нострификациялау керек пе? Нострификацияға  қандай құжаттар қажет?

Жауап. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау рәсіміне қажетті құжаттар тізбесі:

1) білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы өтініш;

 2)  білім туралы құжаттың және оған мынадай ақпараттары бар қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған қосымшаның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда);

Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 2) тармақшаларында көрсетілген білім туралы апостильденген не заңдастырылған құжаттарын немесе оқығанын және білім туралы құжат алғанын растайтын оқу орнынан мұрағаттық анықтама ұсынады;

3) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын куәлігі (жек басын сәйкестендіру үшін);

Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). 

Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырса, тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқа салыстырған соң қайтаруға жатады);

4) оқу орнының мөрімен расталған білім туралы құжатты (негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда) берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясының және/немесе аккредиттеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға немесе басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет;

5) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат – көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде;

6) төлем туралы түбіртек.

Құжаттарды қабылдау білім туралы құжаттың иегерінің өтініші бойынша немесе заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделген сенім хаты бар уәкілетті тұлға арқылы жүргізіледі.

Құжаттарды қарау мерзімі 4 айды құрайды. Тездетіп қарау қарастырылмаған.

Білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өткізуге жауапты орган Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы болып табылады. Мекен жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр, 28, байланыс телефондары: 8(7172) 28-75-31, 28-75-30, 28-75-35, 28-75-33, 28-75-24. 

Сондай-ақ құжаттарды қабылдау өтініш берушінің тұрғылықты жерінде орналасқан халыққа қызмет көрсетру орталықтары арқылы жүзеге асады. 

10-cұрақ. Тану деген нені білдіреді?

Жауап.  Білім туралы құжатты тану - бұл уәкілетті органның шетелдік білім туралы құжат иегерлерінің Қазақстан Республикасында оқуын жалғастуру немесе кәсіби қызметпен айналасу үшін шетелдік білім туралы құжатты ресми тануы. Бұл рәсім халықаралық шарт (келісім) негізінде жүзеге асады. 

Еуразиялық экономикалық одақ шартының XXVI тарамағына сәйкес (97 бабы 3 тармақша «Мүше-мемлекет еңбекшілерінің еңбек қызметі») 2015 жылдың 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында еңбек-мигранттары үшін Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Армения білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада бегіленген рәсімнен тыс танылады.

Сонымен қатар, мүше-мемлекет еңбекшілері Қазақстан Республикасында педагогикалық, заң, медицина және фармацевтика қызметімен айналасуға үміт білдіргендер үшін заңнамада бегіленген тәртіппен білім туралы құжаттарды тану рәсімнен өтуі тиіс, содан кейін Қазақстан Республикасында өз қызметіне кірісе алады.

Қазақстан Республикасында оқуын одан-әрі жалғастыруға мүде танытқандар азаматтар үшін, шетелде алған білім туралы құжаттары заңнамада белгіленген тіртіппен тану рәсімінен өтуі тиіс.  

11-cұрақ. Нострификация деген нені білдіреді? 

Жауап: Білім туралы құжатты нострификациялау –  шетелде, халықаралық және шетелдік білім беру ұйымдары (филиалдары) берген білім туралы құжаттың баламалығын анықтау мақсатында жүргізіледі. Аталған рәсім халықаралық шарт (келісім) болмаған жағдайда жүргізіледі.

12-cұрақ.  Білім туралы мемлекеттік үлгідегі сертификаттар және (немесе) біліктілік беруді және білім алушыларды қорытынды аттестаттауды талап етпейтін қысқа мерзімді курстарды, тағылымаларды жүргізу лицензиялануға жатады ма.

Жауап.   ҚР білім саласындағы заңнамасына  сәйкес біліктілік  арттыру  курстары қосымша білім беруге  жатады, сондықтан лицензияланбайды. Курс аяқталғанда курс жүргізуші өз үлгісіндегі  сертификатын бере  алады.

13-cұрақ. Қазіргі уақытта ҚАЗТЕСТ жүйесін қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауда кімдер пайдалануда?

Жауап. Бүгінгі таңда ҚАЗТЕСТ жүйесі кең көлемде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалауда:

- мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау сынақтары Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлер арасында;

- қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған тестілеу сынағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы қызметкерлері үшін міндетті;

- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әкімшілік қызметтің «А» корпусының кадрлық резервін қалыптастыру және осы резервтегі бос орындарға конкурс өткізу ережесі бойынша үміткерлердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы іске асырылады.

14-cұрақ. Апостиль дегеніміз не?

Жауап: Апостиль консулдық заңдастырудың қысқартылған түрі болып саналады. 1961 жылы Гаага Конвенциясына қатысушы-елдер өзара елдер арасындағы білім туралы құжаттар «апостиль» мөрімен расталып, жүзеге аса алатыны туралы Келісімге қол қойды. Апостиль мөрінің өзі өкілетті тұлғаның және құжатқа қойылған мөрдің түпнұсқалығын растайды. Апостиль қою арқылы Гаага Конвенциясына қатысушы-елдер аймағында еркін іс-әрекет етуге кепілдік береді. Апостиль қоюшы тұлғалар құжатқа қойылған қолдың, мөрдің түпнұсқалығын растап, оның сапасына жауап береді. Қоса тіркелген апостиль бланкісіне, оған қойылған мөрге жауапты. «Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жүзеге асырады. 

15-cұрақ. Апостильдеуге құжаттарды қайда тапсыруға болады және бұл рәсім қандай мерзімде орындалады?

 Жауап: Құжаттарды ХҚКО арқылы мекен-жайына қарай тапсыруға болады. Көрсетілу мерзімі құжаттарын тапсырған сәттен бастап Астана қаласының  ХҚКО үшін 5 (бес) жұмыс күні ішінде, басқа аймақтардағы ХҚКО үшін 30 (отыз) күнтізбелік күнде жүзеге асады. ХҚКО құжат тапсырған күн есептелмейді.