Баптар

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге оқу үшін ұсынылатын ұйымдардың тізіміне енгізілген Ресей Федерациясының ЖОО-ларында диссертация қорғаған адамдар үшін шетелде алынған ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ....

Құрылған:11.04.2018, 17:23   |   Жаңартылған:11.04.2018, 17:23

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге оқу үшін ұсынылатын ұйымдардың тізіміне енгізілген Ресей Федерациясының  ЖОО-ларында диссертация қорғаған адамдар үшін шетелде алынған ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері дипломдарының баламалылығын тану үшін қажет құжаттар тізімі:

1) жеке өтініш (ерікті нысанда) және (немесе) ізденуші жұмыс істейтін ұйымның қолдаухаты (ерікті нысанда);

2) жеке басты куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі;

3)  дәреженің берілгені туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе дәрежені беру туралы құжаттың нотариалды куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы. Диссертацияларын Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және Еуразия экономикалық қауымдастығына кірмейтін мемлекеттерде қорғаған тұлғалар үшін  апостильденген немесе қорғау мемлекетінде диссертация қорғауын легализациялайтын диплом;

4) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде аты, жөні, тегінің (болған жағдайда) жазылуы туралы мәлімет;

5) жұмыс орны растаған 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);

6) ҰМҒТСО (ерікті нысанда) диссертацияның бір данасын қабылдағаны туралы анықтамасы;

Құжаттар тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Ғылыми дәрежелер беру қағидаларының 21 және 23-тармақтарына сәйкес келтірілген.

Құжаттар папкаға құжаттар тізімімен (опись) бірге тігіледі.