Баптар

Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 528 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Құрылған:09.02.2018, 09:48   |   Жаңартылған:09.02.2018, 09:49

«Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік

көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту

туралы» Қазақстан Республикасы Білім және

ғылым министрінің  2015 жылғы 13 тамыздағы

№ 528 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы  

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 528 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 12066 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 қазанда «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенті осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Т.И. Ешенқұлов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықты ресми жарияланған кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5)  осы  бұйрық  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және   4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Т.И. Ешенқұловқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Білім және ғылым министрі                                                Е. Сағадиев

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы «    » ________ № ___ бұйрығына 2-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2015 жылғы «13» тамыздағы  № 528 бұйрығына 2-қосымша

 

 

 

«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламенті

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу тізілімінде 2015 жылғы 3 маусымда № 11260 тіркелген) «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт)                  3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) арқылы көрсетеді.

 Өтінішті қабылдау және нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі – қағаз жеткізгіште білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы куәлік немесе оның телнұсқасы.

4. Білім туралы құжаттарды тану/нострифкациялау туралы  мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде (егер білім туралы құжат құжатты берген елде заңдастырылған немесе апостильденген болса):

  1. Астана қаласының Мемлекеттік корпорациясы үшін – 15 (он бес) жұмыс күнін;
  2. басқа өңірлердің Мемлекеттік корпорациясы үшін – 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды (Орталыққа және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді). 

Ресми құжаттарды заңдастырудың күшін жоюды көздейтін халықаралық шартқа(келісімге) қатысушы елде берілген білім туралы құжаттарды қарау мерзімі Орталыққа немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

  1. Астана қаласы Мемлекеттік корпорациясы үшін – 30 (отыз) жұмыс күнін;

2)  басқа  өңірлердің Мемлекеттік корпорациясы үшін – 45  (қырық бес)  жұмыс  күнін  құрайды (Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді).

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 5135 тіркелген) 9 және 20 - тармақтарында көзделген жағдайларда өтініштерді қарау мерзімі  10 (он) жұмыс күніне ұзартылады.

Өтініштерді қарау мерзімі ұзартылған жағдайда Орталық мерзімді ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мерзімді ұзарту себебін көрсете отырып Мемлекеттік корпорацияның ықпалдастырылған ақпараттық жүйелерінде (бұдан әрі-ХҚКО ЫАЖ) мерзімді ұзартады және көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға еркін нысандағы ескерту хат жолдайды.

 Құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

  Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

 

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

5. Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар пакетін ұсынуы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету рәсімінің (әрекетінің) басталуына негіздеме болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:

Апостилденген немесе заңдастырылған білім туралы құжаттар үшін:

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

  1. көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9 - тармағында көрсетілген құжаттар пакетін ұсынады. Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
  2. Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды тіркейді (жиырма минуттан аспайды) және Мемлекеттік корпорация жинақтау бөлімінің инспекторына жолдайды, ол 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың тізілімін жасап, құжаттар пакетін пошталық байланыс арқылы Орталыққа жолдайды. Бұл ретте құжаттардың жолда жүру уақыты 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы Астана қаласының Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

3) Орталықтың кеңсе қызметкері өтініштерді тіркейді және оларды «Нострификация» ААЖ және ХҚО ЫАЖ  базасына енгізеді (отыз минуттан аспайды) және жауапты қызметкер тағайындайтын жауапты құрылымдық бөлімше басшысына жолдайды;

4) Орталықтың жауапты қызметкерлерінің 3 (үш) жұмыс күні ішінде шетелдік білім туралы құжатқа сараптамалық бағалау жасауы немесе ҚРМЖБС баламалығын анықтауы. Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының мамандарын тарта отырып сараптама жүргізген жағдайда 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

5) көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушіге дәлелді  құжаттарымен қоса сараптамалық қорытындыны қарау үшін 1 (бір) жұмыс күн ішінде жолдау;

6) көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің 6 (алты) жұмыс күні ішінде сараптамалық қортындының нәтижелерін қарауы және білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы шешім қабылдауы. Сараптаманы Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының мамандары жүргізген жағдайда 4 (төрт) жұмыс күні ішінде;

7) көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің 1 (бір) жұмыс күні ішінде Орталыққа куәлік рәсімдеу үшін білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы шешімді жолдауы;

8) Орталықтың 1 (бір) жұмыс күні ішінде білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәлікті ресімдеуі және оны бекіту үшін мемлекеттік қызметті берушіге жолдауы;

9) көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің 2 (екі) жұмыс күні ішінде куәліктерді бекітуі, оларды деректер базасына енгізуі және көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға беру үшін Орталыққа жолдауы;

10) Орталық 7 (жеті) жұмыс күні ішінде пошталық байланыс арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізеді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы Астана қаласының Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

Ресми құжаттарды легализациялауды жоюды көздейтін халықаралық шарттарға (келісімдерге) мүше-елдерде берілген білім туралы құжаттарды қарау мерзімі:

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

  1. көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
  2. Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды тіркейді (жиырма минуттан аспайды) және Мемлекеттік корпорация жинақтау бөлімінің инспекторына жолдайды, ол 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың тізілімін жасап, құжаттар пакетін пошталық байланыс арқылы Орталыққа жолдайды. Бұл ретте құжаттардың жолда жүру уақыты 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы Астана қаласының Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
  3. Орталықтың кеңсе қызметкері өтініштерді тіркейді және оларды «Нострификация» ААЖ және ХҚКО ЫАЖ базасына енгізеді (отыз минуттан аспайды) және жауапты қызметкер тағайындайтын жауапты құрылымдық бөлімше басшысына жолдайды;

4) берілген құжаттар бойынша шетелдік деректер базасы арқылы білім туралы құжаттың берілген фактісін анықтау (отыз минуттан аспайды). Деректер базасында білім туралы құжат бойынша ақпарат болмаған жағдайда шетелдік білім беру ұйымына білім туралы құжаттың берілгенін растау және білім беру ұйымының білім беру қызметімен айналасуға құқығы бар екенін анықтау мақсатында 1 (бір) жұмыс күні ішінде ресми сұрау жолданады. Егер білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы Орталықтың жолданған ресми сұрауына 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде жауап бермеген жағдайда, қайта сұрау жолданады және қарау мерзімі                  10 (он) жұмыс күніне ұзартылады. Өтініштерді қарау мерзімі ұзартылған жағдайда Орталық мерзімді ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мерзімді ұзарту себебін көрсете отырып ХҚКО ЫАЖ мерзімді ұзартады және көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға еркін нысандағы ескерту хат жолдайды;

5) Орталықтың жауапты қызметкерлерінің 3 (үш) жұмыс күні ішінде шетелдік білім туралы құжатқа сараптамалық бағалау жасауы немесе ҚРМЖБС баламалығын анықтауы. Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының мамандарын тарта отырып сараптама жүргізген жағдайда               5 (бес) жұмыс күні ішінде;

6) көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушіге дәлелді құжаттарымен қоса сараптамалық қорытындыны қарау үшін 1 (бір) жұмыс күн ішінде жолдау;

7) көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің 6 (алты) жұмыс күні ішінде сараптамалық қортындының нәтижелерін қарауы және білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы шешім қабылдауы. Сараптаманы Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының мамандары жүргізген жағдайда 4 (төрт) жұмыс күні ішінде;

8) көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің 1 (бір) жұмыс күні ішінде Орталыққа куәлік рәсімдеу үшін білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы шешімді жолдауы;

9) Орталықтың 1 (бір) жұмыс күні ішінде білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәлікті ресімдеуі және оны бекіту үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушіге жолдауы;

10) көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің 2 (екі) жұмыс күні ішінде куәліктерді бекітуі, оларды деректер базасына енгізуі және көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға беру үшін Орталыққа жолдауы;

11) Орталық 7 (жеті) жұмыс күні ішінде пошталық байланыс арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізеді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы Астана қаласының Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

12) Мемлекеттік корпорацияның куәліктерді беруі.

6. Келесі рәсімдердің (іс-қимылдың) орындалуына негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) өтінішті тіркеу;

2) сараптамалық қорытынды жүргізу;

3) сараптамалық қорытындыны қарау;

4) сараптамалық қорытынды негізінде бұйрыққа қол қою;

5) куәлік реімдеу;

6) куәлікті бекіту;

7) білім туралы құжатты тану/нострификациялау туралы куәлікті беру.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде мынадай құрылымдық функциональдық бірліктер қатысады:

1) Орталықтың кеңсе қызметкері;

2) жауапты құрылымдық бөлімше басшысы;

3) Орталықтың жауапты қызметкері;

4) көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің кеңсесі;

5) көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің басшысы;

6) көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімше жетекшісі;

7) көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің жауапты қызметкері.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі құрылымдық бөлімшелер арасындағы мынадай рәсімдерден тұрады:

1) 1- рәсім – Орталықтың кеңсе қызметкері құжатты тіркейді және оны жауапты құрылымдық бөлімше басшысына жолдайды;

2) 2-рәсім – жауапты құрылымдық бөлімшенің бастығы жауапты орындаушыны белгілейді және оған құжатты орындау үшін жолдайды;

3) 3-рәсім – егерде білім туралы құжат апостилденбеген немесе заңдастырылмаған болса берілген білім туралы құжаттардың шетелдік деректер базасынан білім туралы құжаттың беру фактісі анықталады.  Шетелдік деректер базасында құжат туралы мәлімет болмаған жағдайда шетелдік білім беру ұйымына ресми сұрау жолданады.

Білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы Орталықтың жолданған ресми сұрауына 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде жауап бермеген жағдайда, қайта сұрау жолданады және қарау мерзімі 10 (он) жұмыс күніне ұзартылады. Өтініштерді қарау мерзімі ұзартылған жағдайда Орталық мерзімді ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мерзімді ұзарту себебін көрсете отырып ХҚКО ЫАЖ мерзімді ұзартады және көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға еркін нысандағы ескерту хат жолдайды;

4) 4-рәсім – жауапты орындаушы қажеттілігіне қарай Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының мамандарын тарта отырып шетелдік құжатқа сараптамалық бағалау немесе оның ҚРМЖБС  баламалығын анықтау бойынша сараптама жүргізеді;

5) 5-рәсім – дәлелді құжаттармен қоса сараптамалық қорытындыны немесе көрсетілетін мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы шешімді қарау үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушіге жолдау;  

6) 6-рәсім - көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің кеңсесі құжатты тіркеп оны жауапты құрылымдық бөлімшеге жолдайды;

7) 7-рәсім – жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы жауапты орындаушыны тағайындап оған құжатты орындау үшін жолдайды;

8) 8-рәсім – жаупты орындаушы құжаттардың толығын және сараптамалық қортындының ҚРЖБС сәйкестігін тексереді, білім туралы құжатты тану немесе нострификациялау туралы немесе көрсетілетін мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы шешімді ресімдейді және тексеріп қол қою үшін басқарма басшысына жолдайды;

9) 9-рәсім – басқарма басшысы шешімді тексеріп қол қояды және қол қою үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің орынбасарына жолдайды;

10) 10-рәсім -  көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің орынбасары шешімді тексеріп қол қояды;

11) 11-рәсім -   көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің басшысы білім туралы құжатты тану және нострификациялау туралы шешімге қол қояды;

12) 12-рәсім – қол қойылған шешім куәлік рәсімдеу үшін Орталыққа жолданады;

13) 13-рәсім – Орталық куәлік ресімдеп оны бекіту үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушіге жолдайды;

14) 14-рәсім – көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші куәліктерді бекітіп, деректер базасына енгізіп көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға беру үшін Орталыққа жолдайды;

15) 15-рәсім – Орталық куәлікті көрсетілетін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

9. Әрбір рәсiмнің (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс – қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес келтірілген.

 

 

4-тарау. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушiнің өзара iс-қимылы тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау

 

10. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорация операторының қызмет көрсетуінің ең ұзақ уақыты 20 (жиырма) минут;

1) 1-процесс – көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік корпорацияға құжаттар пакетін ұсынады – кезекте тұрудың ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды;

2) 2-процесс -  мемлекеттік корпорация операторы келіп түскен құжаттарды тіркеп көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға құжаттарды қабылдағаны жөнінде қол-хат береді – көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты 20 (жиырма) минут;

3) 3-процесс -  Мемлекеттік корпорация 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде құжаттар пакетін пошталық байланыс арқылы Орталыққа жеткізеді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы Астана қаласының Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

4) 4-процесс – көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің білім туралы құжаттарды 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарап тану немесе нострификациялау туралы шешім шығаруы; 

5) 5-процесс - Орталық 7 (жеті) жұмыс күні ішінде пошталық байланыс арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізеді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы Астана қаласының Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде                 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

6) 6-процесс – Мемлекеттік корпорация операторы дайын куәлікті көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға береді.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (әрекеттерінің) кезеңділігін, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара әрекет етуінің тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін нақтылы сипаттау осы                           регламенттің  2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

 

 

«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламентіне                  1-қосымшасы

 

Әрбір рәсiмнің (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер  (іс – қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

 

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы

 

1-рәсім Мемлекеттік корпорация

 

2-рәсім

Орталықтың кеңсе қызметкері құжаттардың түсу күнінде (20 минут ішінде) оларды қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады және жауапты қызметкер тағайындайтын жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына жолдайды

 

3-рәсім

Жауапты құрылымдық бөлімшенің бастығы жауапты орындаушыны белгілейді және оған құжатты орындау үшін жолдайды

 

                                           4-рәсім

Еегерде білім туралы құжат апостилденбеген немесе заңдастырылмаған болса берілген білім туралы құжаттардың шетелдік деректер базасынан білім туралы құжаттың беру фактісі анықталады.  Шетелдік деректер базасында құжат туралы мәлімет болмаған жағдайда шетелдік білім беру ұйымына ресми сұрау жолданады.

Білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы Орталықтың жолданған ресми сұрауына 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде жауап бермеген жағдайда, қайта сұрау жолданады және қарау мерзімі 10 (он) жұмыс күніне ұзартылады. Өтініштерді қарау мерзімі ұзартылған жағдайда Орталық мерзімді ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мерзімді ұзарту себебін көрсете отырып ХҚКО ЫАЖ мерзімді ұзартады және көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға еркін нысандағы ескерту хат жолдайды.

 

5-рәсім

Жауапты орындаушы қажеттілігіне қарай Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының мамандарын тарта отырып шетелдік құжатқа сараптамалық бағалау немесе оның ҚРМЖБС  баламалығын анықтау бойынша сараптама жүргізеді

 

6-рәсім

Дәлелді құжаттармен қоса сараптамалық қорытындыны қарап үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушіге жолдау

 

7-рәсім

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің кеңсесі құжатты тіркеп оны жауапты құрылымдық бөлімшеге жолдайды

 

8-рәсім

Жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы жауапты орындаушыны тағайындап оған құжатты орындау үшін жолдайды

 

9-рәсім

Жаупты орындаушы құжаттардың толығын және сараптамалық қортындының ҚРМЖБС сәйкестігін тексереді, білім туралы құжатты тану немесе нострификациялау туралы немесе көрсетілетін мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы шешімді ресімдейді және тексеріп қол қою үшін басқарма басшысына жолдайды

 

10-рәсім

Жауапты құрылымдық бөлімшенің жетекшісі шешімді тексеріп қол қояды және қол қою үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің орынбасарына жолдайды

 

11-рәсім

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің орынбасары шешімді тексеріп қол қояды

 

12-рәсім

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің басшысы білім туралы құжатты тану және нострификациялау туралы немесе көрсетілетін мемлекеттік қызметен бас тарту туралы шешімге қол қояды

 

                                             13-рәсім

Қол қойылған шешім куәлік ресімдеу үшін Орталыққа жолданады

 

14-рәсім

Орталық куәлік рәсімдейді және оны бекіту үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушіге жолдайды

 

15-рәсім

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші куәліктерді бекітіп, деректер базасына енгізеді және көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға беру үшін Орталыққа жолдайды

 

16-рәсім

Орталық куәлікті көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды

 

«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламентіне 2-қосымша

 

 

«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Орталық қызметкері:

- құжаттар пакетін  қабылдайды;

- оларды жауапты қызметкер тағайындайтын жауапты құрылымдық бөлімшенің бастығына жолдайды

Еегерде білім туралы құжат апостилденбеген немесе заңдастырылмаған болса берілген білім туралы құжаттардың шетелдік деректер базасынан білім туралы құжаттың беру фактісі анықталады.  Шетелдік деректер базасында құжат туралы мәлімет болмаған жағдайда шетелдік білім беру ұйымына ресми сұрау жолданады.

Жауапты орындаушы қажеттілігіне қарай Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының мамандарын тарта отырып шетелдік құжатқа сараптамалық бағалау немесе оның ҚРМЖБС  баламалығын анықтау бойынша сараптама жүргізеді

Дәлелді құжаттармен қоса сараптамалық қорытындыны немесе көрсетілетін мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы шешімді қарау үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушіге жолдау

 

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші:

  • сараптама қортындысын қарау және шешім қабылдау;
  • қабылданған шешімді куәлік ресімдеу үшін Орталыққа жолдау

 

Орталық:

  • куәлік ресімдеу және бекіту үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушіге жолдау

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші:

  • дайын куәліктерді бекіту және оларды көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға беру үшін Орталыққа жолдау

Орталық:

  • дайын куәліктерді Мемлекеттік корпора-цияға жолдау немесе оны Орталық арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға беру

Мемлекеттік корпорация:

-құжаттарды қабылдап оларды Орталыққа жолдау немесе дайын куәліктерді беру

 

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы