Баптар

«Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік қызметінің паспорты

Құрылған:28.04.2016, 17:33   |   Жаңартылған:28.04.2016, 17:33
  1.  

Қызметті берушінің атауы

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

  1.  

Қызметті алушы туралы ақпарат (жеке немесе заңды)

Жеке тұлға

  1.  

Ақылы/ақысыз

Ақылы

  1.  

Қызметті көрсету мерзімі

Астана қаласының Мемлекеттік корпорациясы (МК) үшін және порталда 5 (бес) жұмыс күні;

басқа өңірлердегі Мемлекеттік корпорация үшін – 15 (он бес) жұмыс күні.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты – 15 минут;

Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты –  15 минут.

 

  1.  

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

электронды және қағаз түрінде

  1.  

Қажетті құжаттар

МК:

  1.  осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2.  жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін);
  3.  апостильдеуге ұсынылған құжат (түпнұсқа);
  4.  мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек (түпнұсқа).

порталға:

  1.  көрсетілетін қызметті алушының электрондық сандық қолтаңбасы  қойылған электронды құжат түріндегі сұранысы;
  2.  апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың электронды көшірмесі.

 

  1.  

Қызметті көрсету стандартын бекіткен бұйрықтың аталуы 

«Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығы

  1.  

Байланыс деректері

1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында (Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс);

2) көрсетілетін қызметті берушінің control.edu.gov.kz интернет-ресурсында (Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс);

3) Мемлекеттік корпорацияның: www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-23-66, 8 (7172) 74-23-99. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.