Баптар

«Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Құрылған:25.01.2016, 17:35   |   Жаңартылған:21.04.2016, 10:41

 

   Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
 2015 жылғы «13» тамыздағы
 № 528 бұйрығына 1-қосымша

    «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 23.02.2016 № 164 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1. Жалпы ережелер 

      1. «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу тізілімінде 2015 жылғы 3 маусымда № 11260 тіркелген) «Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау:
       1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
       2) «Электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды және қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – «апостиль» мөртаңбасы қойылған дайын құжаттарды қағаз тасымалдағышта беру;
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
      Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
       Астана қаласының Мемлекеттік корпорациясы және портал үшін 5 (бес) жұмыс күні;
       2) басқа өңірлердің Мемлекеттік корпорациясы үшін – 15 (он бес) жұмыс күні.
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

   2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге қажетті құжаттар тізімін (бұдан әрі – құжаттар тізімі) бекітілген Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынуы негіз болып табылады.
      5. Көрсетілетін қызметі алушының өтініш беру процесінің, әрбір рәсіміне кететін уақытты көрсеткен іс-әрекет сипаттамасы.
      Астана қаласының Мемлекеттік корпорациясы үшін:
      1) 1-рәсім – жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызмет алушыдан келіп түскен құжаттар тізбесін тексереді және тіркейді, құжаттарды апостильдеп, көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің басшысына қол қою үшін ұсынады;
      2) 2-рәсім – көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарға қол қойып жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкеріне қайта жолдайды;
      3) 3-рәсім – жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде апостильденген құжаттарды журналға тіркейді;
      4) 4-рәсім - жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде апостильденген дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы жолдайды;
      5) 5-рәсім – Мемлекеттік корпорацияда 1 (бір) жұмыс күні ішінде «апостиль» мөртаңбасы қойылған дайын құжаттарды қағаз жеткізгіште алу.
      Көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы өтініш беру процесінің сипаттамасы:
      1) 1-процесс – жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері «Келіп түскен» және «Орындауда» папкасындағы құжаттарды 1 (бір) жұмыс күні ішінде тексеріп, редакциялайды;
      2) 2-процесс – жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде барлық толықтырылуға тиесілі жолдар дұрыс толтырылған жағдайда, оны мемлекеттік бажды төлеуге жібереді немесе уәжді бас тарту рәсімделеді;
      3) 3-процесс – жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері мемлекеттік баж төленгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қызметтің көрсетілетін уақыты, күні көрсетілген хабарламаны жолдайды;
      4) 4-процесс - мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін «Жеке кабинет»/»Қызмет алу тарихы» бөлімінен 1 (бір) жұмыс күні ішінде алу.

   3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

  6) Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай құрылымдық бөлімшелер қатысады:
       1) кеңсе қызметкері;
       2) көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші басшысы;
       3) жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы;
       4) жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері.
       7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі құрылымдық бөлімшелер арасындағы мынадай рәсімдерден тұрады: 
      1-рәсім – кеңсе қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қабылдап, жауапты құрылымдық бөлімшеге жолдайды;
       2-рәсім - жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжатқа қолын қойып, бөлімшенің жауапты қызметкеріне жолдайды;
       3-рәсім – жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың түпнұсқалығын тексеріп, апостильдеп, тіркеу журналына тіркейді;
       4-рәсім – жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде апостильденген құжаттарды көрсетілетін мемлекеттік қызметті беруші басшысы қол қоюға жолдайды;
      5-рәсім – Комитет басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжатқа қол қойып жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкеріне кері жолдайды. Жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде апостильденген құжаттарды Мемлекеттік корпорациясына жолдайды.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) ретінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерімен (қызметкерлерімен) өзара іс-қимылдарының және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің толық сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес келтірілген.

   4. Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы 

  9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін мекен-жайындағы Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдіреді;
      2) көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы Мемлекеттік корпорация операторына құжаттар топтамасын 15 минут ішінде тапсырады;
      3) Мемлекеттік корпорация операторы 15 минут ішінде ұсынылған құжаттар топтамасын қабылдап, мемлекеттік қызметтің түрін анықтап, құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді;
      4) Астана қаласы бойынша Мемлекеттік корпорация операторы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушіге жолдайды. Құжатты қабылдаған күн көрсету мерзіміне енбейді.
       Басқа аймақтардағы Мемлекеттік корпорация операторы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын пошталық байланыс арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушіге жолдайды.
       5) «Апостиль» мөртаңбасы қойылған дайын құжаттарды қағаз жеткізгіште беру: Астана қаласы бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде, басқа аймақтар үшін 15 (он бес) жұмыс күн ішінде.
      Портал арқылы:
       1) көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы кез-келген уақытта мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы өтініш білдіре алады;
      2) көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы өтініші қабылданғаны туралы хабарламаны алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде щлюз арқылы төлемақы жасау керек;
      3) көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы төлемақы жасаған соң, Мемлекеттік корпорацияға 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттың түпнұсқасын тапсыруы қажет;
      4) Мемлекеттік корпорацияда 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін қағаз түрінде алу.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында көрсетілетін мемлекеттік қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-әрекеттер рәсімдерінің толық сипаттамасы және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес келтірілген.

«Білім туралы құжаттарға     
(түпнұсқалар) апостиль қою    
мемлекеттік қызметі регламентінің
1-қосымшасы           

Әрбір іс-әрекет (рәсім) ретінің уақытымен берілген блок-кестесі

«Білім туралы құжаттарға    
(түпнұсқалар) апостиль қою»   
мемлекеттік қызметі регламентінің
2-қосымшасы         

«Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою» мемлекеттік қызметі бизнес-процесінің сипаттамасы