Баптар

«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Құрылған:22.01.2016, 10:38   |   Жаңартылған:21.04.2016, 11:20

 

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
 2015 жылғы «13» тамыздағы
 № 528 бұйрығына 2-қосымша

    «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 23.02.2016 № 164 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1. Жалпы ережелер 

  1. «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу тізілімінде 2015 жылғы 3 маусымда № 11260 тіркелген) «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) арқылы көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
       1) Орталық;
       2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
       3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі қағаз түрінде - қағаз жеткізгіште білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы куәлік.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 4 (төрт) айдан аспайды (Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);
       Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі мынадай жағдайда 1 (бір) айға ұзартылады:
      1) егер білім туралы құжат Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына (бұдан әрі - ҚР МЖБС) сәйкес келмеген жағдайда, қарау мерзімі көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарына тестілеуден өтуі үшін 1 (бір) айға ұзартылады;
      2) егер білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы Орталықтың көрсетілетін қызметті алушының білім туралы құжаттарының түпнұсқалығын растау бойынша жолданған ресми өтінішіне жауап бермеген жағдайда, қарау мерзімі 1 (бір) айға ұзартылады.

   2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы 

   5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылы) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес, құжаттар тізбесін (бұдан әрі - құжаттар) ұсынуы негіз болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
      1) құжаттар топтамасын Орталық қызметкерінің 20 (жиырма) минут ішінде қабылдауы, 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушының оқығанын растау мақсатында шетелдік білім беру ұйымына сұрау жолдауы және білім туралы құжаттарды сыртқы сарапшыларға жіберуі. Егер білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы Орталықтың көрсетілетін қызметті алушының білім туралы құжаттарының түпнұсқалығын растау бойынша жолданған ресми өтінішіне жауап бермеген жағдайда, қарау мерзімі 1 (бір) айға ұзартылады.
      2) сыртқы сарапшылардың 15 (он бес) жұмыс күні ішінде білім туралы құжатты сараптаудан өткізуі. Егер білім туралы құжат ҚР МЖБС сәйкес келмеген жағдайда, қарау мерзімі көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарына тестілеуден өтуі үшін 1 (бір) айға ұзартылады;
      3) Орталықтың көрсетілетін мемлекетік қызметтің аяқталуына 29 (жиырма тоғыз) жұмыс күнінен кем емес мерзім қалған кезде сараптау комиссиясы отырысының хаттамасынан үзіндісін және оқуғаны туралы ақпаратты бар құжаттарды қарастыру үшін және бұйрық дайындау үшін көрсетілетін қызмет берушіге жолдауы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің сараптау комиссиясының қорытындысын ҚР МЖБС сәйкестігін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қарауы және бұйрық дайындауы;
       5) көрсетілетін қызметті берушінің 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұйрықты Орталыққа жолдауы;
      6) Орталықтың 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұйрық негізінде куәлік толтыруы;
      7) Орталықтың 1 (бір) жұмыс күні ішінде куәлікті бекіту үшін көрсетілетін қызметі берушіге жіберуі;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің куәлікті бекітуі, базаға енгізуі және 2 (екі) жұмыс күні ішінде Орталыққа жіберуі;
       9) мемлекеттік қызметті алушыға куәлікті беру.
      7. Мынадай рәсімнің басталуына негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің нәтижесі:
      1) өтінішті тіркеу;
      2) сараптау қорытындысын енгізу;
      3) сараптау қорытындысын қарау;
      4) сараптау қорытындысы негізінде бұйрыққа қол қою;
      5) бұйрық негізінде куәлік толтыру;
      6) куәлікті бекіту;
       7) білім туралы құжаттың тану/нострификациялау туралы кәуілігін беру.

   3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

  8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай құрылымдық бөлімшелер қатысады:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасары;
      4) жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы;
       5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
       9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі құрылымдық бөлімшелер арасындағы мынадай рәсімдерден тұрады:
      1) 1-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжатты тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
      2) 2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжатты 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасарына жолдайды;
      3) 3-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасары құжатты 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына жолдайды;
       4) 4-рәсім – жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде бөлімше қызметкерлерінің қатарынан жауапты орындаушыны тағайындайды;
      5) 5-рәсім – 26 (жиырма алты) күн ішінде жауапты орындаушы құжаттардың ҚР МЖБС сәйкестігін тексереді және шешім (бұйрық) қалыптастырады және шешімді тексеру үшін жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы жолдайды;
       6) 6-рәсім – 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы шешімді (бұйрықты) тексереді және қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасарына жолдайды;
      7) 7-рәсім – 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасары шешімді тексереді және қол қояды;
      8) 8-рәсім – қол қойылған шешім 1 (бір) жұмыс күні ішінде куәлік толтыру үшін Орталыққа жолданады.

   4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде мемлекеттік корпорация және (немесе) басқада көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы 

  10. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут:
      1) 1-процесс - көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік корпорацияға өтініш білдіреді.
      2) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік корпорация операторына дайын құжаттар топтамасын тапсырады;
      3) 3-процесс - мемлекеттік корпорация операторының мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін анықтауы;
      4) 4-процесс – мемлекеттік корпорация операторының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды;
      5) 5-процесс – мемлекеттік корпорация операторының құжаттарды қабылдағаны туралы қол-хат беруі;
      6) 6-процесс – мемлекеттік корпорация операторының құжаттар топтамасын Орталыққа 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдауы;
      7) 7-процесс – Орталық 4 (төрт) ай ішінде білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы шешім шығарады және дайын куәлікті ХҚКО-ға жібереді;
      8) 8-процесс - мемлекеттік корпорация операторы дайын куәлікті береді;
       11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) ретінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерімен (қызметкерлерімен) өзара іс-қимылдарының, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде басқада көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл жүргізу және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің толық сипаттамасы осы Регламентке сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

  «Білім туралы құжаттарды тану және   
нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін
 қызмет регламентіне қосымша      

 Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау мемлекеттік қызметі бизнес-процессінің анықтамасы