Баптар

«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты

Құрылған:17.05.2016, 11:29   |   Жаңартылған:17.05.2016, 11:29

1

Қызмет көрсетушінің атауы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

2

Қызмет алушы туралы ақпарат (заңды немесе жеке тұлға)

Жеке тұлға

3

Ақылы/ақысыз

Ақылы

4

Қызметті көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері орталыққа және Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 4 (төрт) ай (Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі мынадай жағдайда  1 (бір) айға ұзартылады:

1) егер білім туралы құжат Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына (бұдан әрі - ҚР МЖМБС) сәйкес келмеген жағдайда, қарау мерзімі көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында тестілеуден өтуі үшін 1 (бір) айға ұзартылады;

2) егер білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы Орталықтың көрсетілетін қызметті алушының білім туралы құжаттарының түпнұсқалығын растау бойынша жолданған ресми өтінішіне жауап бермеген жағдайда, өтінішті қарау мерзімі 1 (бір) айға ұзартылады.

Құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

 

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде

6

Қажетті құжаттар тізбесі:

орталыққа:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы өтініш;

2)  білім туралы құжаттың және оған мынадай ақпараттары бар қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған қосымшаның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда);

Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген білім туралы апостильденген не заңдастырылған құжаттарын немесе оқығанын және білім туралы құжат алғанын растайтын оқу орнынан мұрағаттық анықтама ұсынады;

3) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). 

Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырса, тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет;

4) оқу орнының мөрімен расталған білім туралы құжатты (негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда) берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясының және/немесе аккредиттеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға немесе басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет;

5) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат – көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде;

6) төлем туралы түбіртек.

Мемлекеттік корпорацияға:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы өтініш;

2)  білім туралы құжаттың және оған мынадай ақпараттары бар қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған қосымшаның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда);

Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген білім туралы апостильденген не заңдастырылған құжаттарын немесе оқығанын және білім туралы құжат алғанын растайтын оқу орнынан мұрағаттық анықтама ұсынады;

3) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). 

Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырса, тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқа салыстыру үшін, қайтаруға жатады);

4) білім туралы құжатты (негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда) берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясының және/немесе аккредиттеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда, білім туралы құжат берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға немесе басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет;

5) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (салыстыру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат – көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде;

6) төлем туралы түбіртек.

  Телнұсқаны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы орталыққа немесе Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. телнұсқа беру туралы өтініш;
  2. бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). 

 3) Қазақстан Республикасының мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған жоғалғаны туралы ақпарат;

 4) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат – көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде;

5) төлем туралы түбіртек.

 

7

Мемлекеттік көрсетілетін қызме стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрығының атауы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім және ғылым саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығы.

8

Байланыс мекен-жайы

1) көрсетілетін қызметті беруш: control.edu.gov.kz;

2) орталық: www.naric-Kazahstan.kz;

3) Мемлекеттік корпорация: www.con.gov.kz .