Баптар

Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесі

Құрылған:22.01.2016, 12:16   |   Жаңартылған:04.02.2016, 09:24

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрінің 
2008 жылғы 10 қаңтардағы   
N 8 бұйрығымен бекітілген 

Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау 
ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже басқа мемлекеттерде, Қазақстан Республикасында құрылған халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған тұлғалардың негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм (магистратура, клиникалық ординатура, резидентура, адъюнктура) туралы құжаттарын тану және нострификациялау тәртібін айқындайды.
      Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттары бар жеке тұлғаларға (бұдан әрі – өтініш білдіруші), сондай-ақ сенімхат негізінде алушының мүддесін білдіретін тұлғаларға көрсетіледі.
      Білім туралы құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдарында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында құрылған және жұмыс істеп жатқан халықаралық және шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) алған тұлғалар берілген білімнің деңгейіне және даярлау бейіне сәйкес Қазақстан Республикасында білім беру және/немесе кәсіби қызметке қол жеткізу мақсатында тану және нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Білім туралы құжаттарды тану - шетелдік білім беру біліктілігінің маңызын оның иесіне білім алу және/немесе кәсіби қызметке рұхсат алу мақсатында ("Еуропалық өңiрдегi кәсiптiк жоғары бiлiм беруге жататын бiлiктiлiктi тану туралы конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңы , бұдан әрі - Лиссабон Конвенциясы) уәкілетті органның ресми растауы. 
      Білім туралы құжаттарды нострификациялау - басқа мемлекеттерде халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) бiлiм алған азаматтарға берiлген құжаттардың баламалылығын анықтау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм.

      3. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттар (келісімдер) негізінде танылады. 
      Халықаралық шарттар (келісімдер) болмаған кезде азаматтардың шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарын нострификациялау және оларға тиісті куәліктерді беру білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

      4. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды сәйкес құжат берумен қатар тану және нострификациялау бойынша мемлекеттік саясатты орындауды мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) заңнамамен бекітілген тәртіптегі функциясында жүзеге асырады.

      5. Тану және нострификациялау рәсiмiн «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) жүзеге асырады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5-1. Тану және нострификациялау рәсiмiн жүргізу үшін білім туралы құжаттарды қабылдау және беру Орталық, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. Ереже 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Уәкілетті орган білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы шешімді тиісті бұйрықпен ресімдейді.

      7. Уәкілетті органның төрағасы тану және нострификациялау туралы куәлікке қол қояды және елтаңбалы мөрімен растайды.

      8. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау және тиісті куәліктерді беру білім туралы құжат иесінің, сондай-ақ сенімхаты негізінде өтініш берушінің мүддесін білдіретін тұлғаның өтініші бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 5-тармағына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері - Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасында тану немесе нострификациялау рәсімінен өтпей-ақ танылады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәліктер қатаң есептілік бланкілері болып табылады, «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкноттық фабрикасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында жасалады, есептік нөмірі және сериясы болады.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Бiлiм туралы құжаттарды тану тәртiбi

      13. Бiлiм туралы құжаттарды тану туралы өтiнiш берілген жағдайда мынадай құжаттар ұсынылады:
      Орталыққа:
      1) білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;
      2) білім туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін);
      3) білім туралы құжатқа мынадай ақпараттары бар қосымшасының түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда);
      4) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған көшірменің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге); 
      Құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары куәландырады.
      Өтініш білдіруші осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген білім туралы апостильденген не заңдастырылған құжаттарын не оқығанын және білім туралы құжат алғанын растайтын оқу орнынан мұрағаттық анықтама ұсынады.
      5) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың немесе паспорттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). 
      Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырса, тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқа теңестіру үшін);
      6) оқу орнының мөрімен расталған (негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда) білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясы және/немесе аккредитеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға және басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет; 
      7) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (салыстыру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжаты – алушының өкілі жүгінген кезде;
      8) төлем туралы түбіртек.
      ХҚО-ға:
      1) білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;
      2) білім туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін);
      3) білім туралы құжатқа мынадай ақпараттары бар қосымшасының түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда);
      4) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған көшірменің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге); 
      Құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары куәландырады.
      Өтініш білдіруші осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген білім туралы апостильденген не заңдастырылған құжаттарын не оқығанын және білім туралы құжат алғанын растайтын оқу орнынан мұрағаттық анықтама ұсынады.
      5) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың немесе паспорттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге).
      Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырса, тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқа теңестіру үшін);
      6) оқу орнының мөрімен расталған (негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда) білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясы және/немесе аккредиттеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға және басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет;
      7) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (салыстыру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжаты – алушының өкілі жүгінген кезде;
      8) төлем туралы түбіртек.
      Өтінішті ХҚО арқылы беру кезінде өтініш білдіруші ақпаратты жүйелерде сақталатын заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді пайдалануға жазбаша түрде келісім береді.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі жеке басын куәландыратын құжаттар, неке туралы немесе оны бұзу туралы куәліктер (2008 жылдан кейін берілген) туралы мәліметтерді ХҚО уәкілетті тұлғаның электронды цифрлы қолтаңбасымен куәландырылған электронды құжат нысанында ХҚО ақпараттық жүйелері арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алады.
      Өтініш, білім туралы құжат және оның қосымшасы, білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған аудармасы, неке туралы куәлік, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымының лицензиясы және/немесе аккредиттеу туралы куәлігі, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпарат, төлемдер туралы түбіртек, оқу орны туралы мұрағаттық анықтама, уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын куәлігі немесе паспорты және алушының өкілі жүгінген кезде өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжаты ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электронды көшірмелер нысанында өтінішке қоса тіркеледі.
      Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері құжаттардың түпнұсқасын мемлекеттік ақпарат жүйелеріндегі мәліметтермен және құжаттардың электронды көшірмелерімен салыстырады, содан кейін түпнұсқаны өтініш білдірушіге немесе сенімхаты негізінде алушының мүддесін білдіретін тұлғаға кері қайтарады.
      Осы Ереженің 13-тармағының 1) - 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электронды көшірмелерін ХҚО қызметкері өтініш берілген сәттен бастап бір күн ішінде Орталыққа жібереді.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      14. Өтiнiш осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес бiлiм туралы құжаттарды тану туралы өтiнiштерді тiркейтiн арнайы журналда немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚО ЫАЖ) базасына тiркеледi.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      15. Білім туралы құжатты тану туралы өтінішті қарау мерзімі осы Ереженің 13-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған уақыттан бастап төрт айды құрайды.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      15-1. Егер білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы Орталықтың өтініш білдірушінің білім туралы құжаттарының түпнұсқалығын растау бойынша ресми түрде жолдаған өтінішіне жауап бермеген жағдайда, білім туралы құжатты тану туралы өтінішті қарау мерзімі 1 айға ұзартылады.
      Ескерту. Ереже 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16. Еуропа өңірінде жоғары білімге жататын біліктілікті тану туралы Конвенцияға (Лиссабон Конвенциясы) қатысушы елдердің білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасында осы Ережеде белгіленген тәртіппен куәлік беру арқылы танылады.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      17. Тану рәсіміне жататын білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына (бұдан әрі – ҚР МЖБС) сәйкестігін анықтау үшін сараптаудан өтпейді. Ішкі сараптау комиссиясы шешімі негізінде Орталық уәкілетті органға білім туралы құжаттарды тану туралы ұсыныс енгізеді. Ішкі сараптау комиссиясы уәкілетті органның келісімі бойынша Орталық қызметкерлері қатарынан құралады және Орталық директорының бұйрығымен бекітіледі.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      18. Ұлттық аккредиттеу орталығы бiлiм туралы құжатты тану туралы шешiмнiң негiзiнде осы ереженің 2-қосымшасына сәйкес белгiленген нысан бойынша куәлiк ресімдейді.

      19. Уәкілетті органның білім туралы құжатты тану туралы шешімі негізінде Орталық осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес білім туралы құжатты тану туралы куәлік ресімдейді.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      20. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      21. Куәлiк өтiнiш берушiнiң жеке өзіне немесе оның сенiмхаты бойынша басқа тұлғаға берiледi.

3. Бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау тәртiбi

      22. Бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтiнiш берілген жағдайда мынадай құжаттар ұсынылады:
      Орталыққа:
      1) білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтініш;
      2) білім туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін);
      3) білім туралы құжатқа мынадай ақпараттары бар қосымшасының түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда);
      4) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған көшірменің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге);
      Құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары куәландырады.
      Өтініш беруші осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген білім туралы апостильденген не заңдастырылған құжаттарын не оқығанын және білім туралы құжат алғанын растайтын оқу орнынан мұрағаттық анықтама ұсынады.
      5) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың немесе паспорттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге).
      Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса, тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқа теңестіру үшін);
      6) оқу орнының мөрімен расталған (негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда), білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясы және/немесе аккредиттеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға және басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет;
      7) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (салыстыру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжаты – алушының өкілі жүгінген кезде;
      8) төлем туралы түбіртек.
      ХҚО:
      1) Білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтініш;
      2) білім туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін);
      3) білім туралы құжатқа мынадай ақпараттары бар қосымшасының түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқа теңестіру үшін): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда);
      4) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған көшірменің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге);
      Құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары куәландырады.
      Өтініш білдіруші осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген білім туралы апостильденген не заңдастырылған құжаттарын не оқығанын және білім туралы құжат алғанын растайтын оқу орнынан мұрағаттық анықтама ұсынады.
      5) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың немесе пасорттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге).
      Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса, тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқа теңестіру үшін);
      6) оқу орнының мөрімен расталған (негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда) білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясы және/немесе аккредиттеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға және басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет;
      7) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (салыстыру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжаты – алушының өкілі жүгінген кезде;
      8) төлем туралы түбіртек.
      Өтінішті ХҚКО арқылы беру кезінде өтініш білдіруші ақпараттық жүйелерде сақталатын заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді пайдалануға жазбаша түрде келісім береді.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі жеке басын куәландыратын құжаттар, неке туралы немесе оны бұзу туралы куәліктер (2008 жылдан кейін берілген) туралы мәліметтерді ХҚО уәкілетті тұлғаның электронды цифрлы қолтаңбасымен куәландырылған электронды құжат нысанында ХҚО ақпараттық жүйелері арқылы тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алады.
      Өтініш, білім туралы құжат және оның қосымшасы, білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған аудармасы, неке туралы куәлік, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымының лицензиясы және/немесе аккредиттеу туралы куәлігі, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпарат, төлемдер туралы түбіртек, оқу орны туралы мұрағаттық анықтама, уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын куәлігі мен паспорты және алушының өкілі жүгінген кезде өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжаты ХҚО қызметкерлерінің ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электронды көшірмелер нысанында өтінішке қоса тіркеледі.
      Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері құжаттардың түпнұсқасын мемлекеттік ақпарат жүйелеріндегі мәліметтермен және құжаттардың электронды көшірмелерімен салыстырады, содан кейін түпнұсқаны өтініш білдірушіге немесе сенімхат негізінде алушының мүддесін білдіретін тұлғаға кері қайтарады.
      Осы Ереженің 22-тармағының 1) - 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электронды көшірмелерін ХҚО қызметкері өтініш берген сәттен бастап бір күн ішінде Орталыққа жібереді.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      23. Орталықта өтiнiш осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтiнiштерді тiркейтiн арнайы журналда немесе ХҚО ЫАЖ базасына тiркеледi.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      24. Білім туралы құжатты нострификациялау туралы өтінішті қарау мерзімі осы Ереженің 22-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырғаннан уақыттан бастап төрт айды құрайды.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      24-1. Білім туралы құжатты нострификациялау туралы өтінішті қарау мерзімі мынадай жағдайда ұзартылады:
      1) егер білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы Орталықтың өтініш білдірушінің білім туралы құжаттарының түпнұсқалығын растау бойынша жолданған ресми өтінішіне жауап бермеген жағдайда, қарау мерзімі 1 айға ұзартылады;
      2) егер білім туралы құжат ҚР МЖБС сәйкес келмеген жағдайда, қарау мерзімі өтініш білдірушінің Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарына тестілеуден өтуі үшін 1 айға ұзартылады.
      Ескерту. Ереже 24-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      25. Білім туралы құжатты нострификациялау рәсіміне қорытындылау ресімінің және қабылданған шешімнің негізінде сараптама жүргізу енгізіледі.

      26. Сараптама екi бөлiмнен тұрады:
      1) негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттардан басқа, білім туралы құжаттардың тұпнұсқалығын анықтау;
      2) бiлiм беру туралы құжаттардың түпнұсқалығын анықтау жүргізілгеннен кейін шетелде алған бiлiмнің мазмұны Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының мемлекеттік талаптардың ең төменгі шегі және оқу орнын бітірушілердің дайындық деңгейлерінің сәйкестігін анықтау рәсімі.
      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      27. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттардың ҚР МЖБС сәйкестігін анықтауды сараптау топтары жүзеге асырады. Білім деңгейлері бойынша саны 3-5 адамнан тұратын сараптау топтары уәкілетті органның бұйрығымен білім беру жүйесінің жоғары білікті мамандары қатарынан құрылады.
      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      27-1. Нострификация рәсіміне жататын білім туралы құжаттар ҚР МЖБС сәйкестігіне сараптаудан өткеннен кейін білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау бойынша сараптау коммисиясының отырысында қаралады. Сараптау коммиссиясының шешімі негізінде, Орталық уәкілетті органға білім туралы құжатты нострификациялау туралы ұсыныс енгізеді. Білім деңгейлері бойынша сараптау комиссиялары уәкілетті органның бұйрығымен саны 11-13 адамнан тұратын білім беру жүйесінің жоғары білікті мамандары қатарынан және саны 3 адамнан аспайтын Орталықтың қызметкерлері арасынан құрылады.
      Ескерту. Ереже 27-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      28. Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттар бойынша бойынша сараптамалық қорытынды мынадай өлшемдердің қаралуы негізінде қабылданады:
      1) оқу мерзiмi;
      2) оқытылған пәндер тiзбесi.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      28-1. Техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары білімнен кейінгі бiлiм туралы құжаттар бойынша сараптамалық қорытынды мынадай өлшемдердің қаралуы негізінде қабылданады:
      1) оқу мерзiмi;
      2) оқытылған пәндер тiзбесi мен көлемі;
      3) практиканың бар болуы;
      4) қорытынды аттестаттаудың және деңгейінің бар болуы. Алынған білім мен тәжірибе оқу жоспарлары мен оқу әдістемелеріндегі ықтимал айырмашылықтарды тану арқылы қорытынды дайындық тұрғысынан бағаланады.
      Ескерту. Ереже 28-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      29. Өтілген бейінді пәндер тізбесіндегі айырмашылық 35%-дан асқан кезде Орталық 1 ай ішінде өтініш білдірушіні тестілеуден өту үшін оқу орнына жібереді. Тестілеу нәтижесі оң болған жағдайда, өтініш білдірушінің білім туралы құжаттары Орталықтың сараптау комиссиясының отырысында қаралады, керісінше жағдайда, құжаттар пакеті иесіне кері қайтарылады.
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      30. Егер шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжатта көрсетілген біліктілік Қазақстан Республикасының білім деңгейі бойынша дайындық бағыттары мен мамандықтары жіктеуішінде болмаған жағдайда білім мазмұнына сәйкес жүргізілетін жақын мамандықтар анықталады.

      31. Өтініш беруші сараптау материалдарымен танысуға құқылы.

      32. Орталық уәкілетті органға:
      1) білім туралы құжаттың түпнұсқалығын растайтын ақпарат;
      2) шетелден алған білім мазмұны ҚР МЖБС сәйкестігі туралы оң сараптама қортындысы;
      3) Қазақстандағы және білім туралы құжатты берген елдегі білім құрылымындағы жалпы талаптардың сәйкестігі;
      4) прецендент негізінде мәселенің оң шешімі туралы ұсыныс енгізеді.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      33. Білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы теріс қорытынды қабылданады, егер: 
      1) Шет мемлекеттердің негізгі және жалпы орта білім берудегі жалпы нормативтік оқу ұзақтығы ҚР МЖБС стандартына қарағанда кем дегенде бір жылға аз.
      2) бiлiм туралы құжат берiлген елде құжат иелерiне Қазақстандағыдан аз академиялық және/немесе кәсiптiк құқық берiлсе (мысалы, ондай бiлiм туралы құжат иелерiнiң жоғары оқу орындарына, магистратураға түсуге, кәсiби iске араласуына құқылары жоқ);
      Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      34. Осы ереженің 33-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген шарттар анықталған жағдайда, нострификациялау туралы куәлiкке бiлiм туралы құжат иесiнiң кәсiптiк және/немесе академиялық құқығы шектелгендiгі туралы жазба енгiзiлуi мүмкiн.

      35. Орталық білім туралы құжатты нострификациялау туралы ұсынысты уәкілетті органға ұсынады.
      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      36. Орталық білім туралы құжатты нострификациялау туралы бұйрықтың негізінде осы ереженің 4-9 қосымшаларына сәйкес тиісті куәлік ресімдейді.
      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      37. Куәлiк өтiнiш берушiнiң жеке өз қолына немесе оның сенiмхаты арқылы басқа тұлғаға берiледi.

4. Қорытынды ережелер

      38. Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы өтiнiштердi тiркеу журналы қатаң есептiлiк құжаттары болып табылады және 10 жыл мерзiм бойы сақталып, содан соң белгiленген тәртiппен мемлекеттiк мұрағатқа мерзiмсiз сақтауға тапсырылады.

      39. Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау куәлiктерi осы ереженің 10-қосымшасында белгiленген нысанға сәйкес бiлiм беру туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәлiктер беретiн арнайы журналға тiркеледi. Аталған журналдың парақтары белгiленген тәртiппен нөмiрленуi және тiгiлуi керек.

      40. Егер тұлға өзiнiң бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау куәлiгiн жоғалтып алған жағдайда, куәлiктi тану және нострификациялау туралы дубликаты (бұдан әрi - дубликат) берiледi.

      41. Білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы куәлігін жоғалтқан жағдайда өтініш беруші Орталыққа немесе ХҚО-ға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) білім туралы құжатты тану/нострификациялау туралы куәліктің дубликатын беру туралы өтініш;
      2) білім туралы құжат иесінің жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен);
      3) Қазақстан Республикасы мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған жоғалғаны туралы ақпарат;
      4) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжатының немесе паспортының көшірмесі және өкілеттікке уәкілдігін куәландыратын құжаты (алушының өкілі жүгінген кезде);
      5) төлем туралы түбіртек.
      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      42. Білім туралы құжатты тану/нострификациялау туралы куәліктің дубликаты түпнұсқада көрсетілген, тегіне, атына, әкесінің атына (бар болған жағдайда) ресімделеді. Берілген куәлік бланкісінің оң жақ жоғары бұрышына «Дубликат» деген жазу жазылады.
      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      42-1. Білім туралы құжатты тану/нострификациялау куәлігінің дубликатын беру туралы өтінішті қарау мерзімі 1 айды құрайды.
      Ескерту. Ереже 42-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.10.2013 № 416 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      43. Дубликат өтiнiш берушiнiң жеке өз қолына немесе оның сенiмхаты бойынша басқа тұлғаға берiледi.

      44. Дубликат беру туралы мәлiметтер осы ереженің 11-қосымшасында белгiленген нысанға сәйкес тану және нострификациялау куәлiктерi тiркелетiн арнайы журналға енгiзiледi.

                                 Білім туралы құжаттарды тану және 
                                     нострификациялау ережесіне 
                                            1-қосымша 
                                                            үлгі

       Білім туралы құжаттарды тану туралы өтініштерді 
                        тіркеу журналы

 

Рет- 
тік 
тір- 
кеу 
N

Өтін- 
ішті 
тіркеу 
күні

Өтініш 
беруші- 
нің тегі, 
аты, әке- 
сінің аты

Білім 
дең- 
гейі

Оқыған 
мемле- 
кеті

Білім 
туралы 
құжат- 
тың 
нысаны

Құжат- 
тың 
сериясы 
мен 
нөмірі

Кім 
және 
қашан 
берген

Ескерт- 
пелер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

 

                                  Білім туралы құжаттарды тану және 
                                      нострификациялау ережесіне 
                                               2-қосымша 
                                                           Үлгі

       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
           Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

                            КУӘЛІК 
         (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның 
            нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

        БТ        N 000001

Осы білім туралы  _______________________________________________ 
_________________________________________________________________ 
             (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі) 
_________________________________________________________________ 
                    (тегі, аты, әкесінің аты) 
_________________________________________________________________ 
_________________________________________________________________ 
_________________________________________________________________ 
     (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні) 
Қазақстан Республикасында танылды деп куәландырылады.

Негіздеме: ______________________________________________________ 
_________________________________________________________________

Мөрінің орны               Комитет төрағасы ____________________ 
                                                    (қолы)

Тіркеу нөмірі N_________

20____жылғы "______" ________________

                                  Білім туралы құжаттарды тану және 
                                     нострификациялау ережесіне 
                                              3-қосымша 
                                                           Үлгі

         Білім туралы құжаттарды нострификациялау 
            туралы өтініштерді тіркеу журналы

 

Рет- 
тік 
тір- 
кеу 
N

Өтініш- 
ті тір- 
кеу күні

Өтініш 
беруші- 
нің те- 
гі, аты, 
әкесі- 
нің аты

Білім дең- 
гейі

Оқы- 
ған 
мем- 
ле- 
кеті

Білім 
туралықұжат-
тың 
нысаны

Құжат- 
тың 
сериясы 
мен 
нөмірі

Кім 
және 
қашан 
берген

Ескерт- 
пелер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

 

                                  Білім туралы құжаттарды тану және 
                                      нострификациялау ережесіне 
                                              4-қосымша 
                                                            Үлгі

        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
           Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

                              КУӘЛІК 
            (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның 
               нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

    ЖБ-ІІ        N 0000012

      Осы білім туралы  ____________________________________________ 
____________________________________________________________________ 
                 (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі) 
____________________________________________________________________ 
                       (тегі, аты, әкесінің аты) 
____________________________________________________________________ 
____________________________________________________________________ 
     (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні) 
_________________________________________________берген құжат сәйкеc 
құқықтық теңдігімен_________________________________________________ 
___________________________________________________мамандығы бойынша 
____________________________________________________________________ 
____________________________________________________________________ 
___________________________________біліктілігі қоса берілген жоғары 
оқу орнынан кейінгі білім туралы қазақстандық дипломға баламалы деп 
куәландырылады.

      Негіздеме: ___________________________________________________ 
                 ___________________________________________________

Мөрінің орны             Комитет төрағасы   ________________ 
                                                 (қолы)

Тіркеу нөмірі N_________ 
20____жылғы "_____"________________

                                 Білім туралы құжаттарды тану және 
                                    нострификациялау ережесіне 
                                             5-қосымша 
                                                            Үлгі

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
            Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

                            КУӘЛІК 
           (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның 
              нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

      ЖБ-І      N 0005330

      Осы білім туралы  ____________________________________________ 
____________________________________________________________________ 
              (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі) 
____________________________________________________________________ 
                     (тегі, аты, әкесінің аты) 
____________________________________________________________________ 
____________________________________________________________________ 
      (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні) 
_________________________________________________берген құжат сәйкеc 
құқықтық теңдігімен_________________________________________________ 
___________________________________________________мамандығы бойынша 
____________________________________________________________________ 
____________________________________біліктілігі қоса берілген жоғары 
білім туралы қазақстандық дипломға баламалы деп куәландырылады. 
Негіздеме: _________________________________________________________ 
____________________________________________________________________

Мөрінің орны                 Комитет төрағасы ___________________ 
                                                    (қолы)

Тіркеу нөмірі N_________ 
20____жылғы "_____" ________________ 

                                 Білім туралы құжаттарды тану және 
                                     нострификациялау ережесіне 
                                             6-қосымша 
                                                           Үлгі

        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
           Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

                          КУӘЛІК 
          (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның 
             нотариалдың расталған аудармасымен нақты)

      ТКБ     N 0001507 
      Осы білім туралы ____________________________________________ 
___________________________________________________________________ 
                (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі) 
___________________________________________________________________ 
                     (тегі, аты, әкесінің аты) 
___________________________________________________________________ 
___________________________________________________________________ 
___________________________________________________________________ 
     (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні) 
________________________________________________берген құжат сәйкес 
құқықтық теңдігімен________________________________________________ 
__________________________________________________мамандығы бойынша 
___________________________________________________________________ 
___________________________________________________________________ 
__________________________________________біліктілігі қоса берілген 
техникалық-кәсіптік білім туралы қазақстандық құжатқа баламалы деп 
куәландырылады.

Негіздеме: ________________________________________________________ 
___________________________________________________________________

Мөрінің орны                    Комитет төрағасы ________________ 
                                                     (қолы)

Тіркеу нөмірі N_________ 
20____жылғы "____" ________________ 

                                 Білім туралы құжаттарды тану және 
                                     нострификациялау ережесіне 
                                             7-қосымша 
                                                         Үлгі

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
             Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

                            КУӘЛІК 
          (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның 
             нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

      ОБКБ      N 0001507

      Осы білім туралы  ____________________________________________ 
____________________________________________________________________ 
                (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі) 
____________________________________________________________________ 
                      (тегі, аты, әкесінің аты) 
____________________________________________________________________ 
____________________________________________________________________ 
____________________________________________________________________ 
       (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні) 
________________________________________________ берген құжат сәйкес 
құқықтық теңдігімен_________________________________________________ 
__________________________________________________ мамандығы бойынша 
____________________________________________________________________ 
____________________________________________________________________ 
_____________________________________біліктілігі қоса берілген орта 
білімнен кейінгі білім туралы қазақстандық құжатқа баламалы деп 
куәландырылады.

Негіздеме: _________________________________________________________ 
____________________________________________________________________

Мөрінің орны                    Комитет төрағасы ________________ 
                                                      (қолы)

Тіркеу нөмірі N_________ 
20____жылғы "____" ______________

                                 Білім туралы құжаттарды тану және 
                                    нострификациялау ережесіне 
                                             8-қосымша 
                                                          Үлгі

        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
          Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

                            КУӘЛІК 
         (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның 
            нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

      ЖОБ    N 0000012  

      Осы білім туралы _____________________________________________ 
____________________________________________________________________ 
             (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі) 
____________________________________________________________________ 
                  (тегі, аты, әкесінің аты) 
____________________________________________________________________ 
____________________________________________________________________ 
____________________________________________________________________ 
      (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні) 
_______________________________________________________берген құжат 
жалпы орта білім туралы қазақстандық аттестатқа баламалы деп 
куәландырылады.

Негіздеме: _________________________________________________________ 
____________________________________________________________________

Мөрінің орны                    Комитет төрағасы ________________ 
                                                      (қолы)

Тіркеу нөмірі N_________ 
20____жылғы "____" ______________

                                  Білім туралы құжаттарды тану және 
                                     нострификациялау ережесіне 
                                             9-қосымша 
                                                           Үлгі

       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
          Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

                           КУӘЛІК 
          (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның 
              нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

      НОБ     N 000002

      Осы білім туралы  ____________________________________________ 
____________________________________________________________________ 
                (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі) 
____________________________________________________________________ 
                       (тегі, аты, әкесінің аты) 
____________________________________________________________________ 
____________________________________________________________________ 
____________________________________________________________________ 
     (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)

берген құжат негізгі орта білім туралы қазақстандық куәлікке 
баламалы деп куәландырылады.

Негіздеме: _________________________________________________________ 
____________________________________________________________________

Мөрінің орны                    Комитет төрағасы ________________ 
                                                      (қолы)

Тіркеу нөмірі N_________ 
20____жылғы "____" ______________ 

                                  Білім туралы құжаттарды тану және 
                                      нострификациялау ережесіне 
                                             10-қосымша 
                                                           Үлгі

    Білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау 
            жөніндегі куәліктерді беру журналы

 

N
N№№

Куә- 
лік- 
тер- 
ді 
бер- 
ген 
күні

Куә- 
ліктің 
серия- 
сы мен 
нөмірі

Өтініш беру- 
шінің тегі, 
аты, 
әкесі- 
нің 
аты

Тану 
немесе 
ностри- 
фикация

Қоса 
беріл- 
ген 
маман- 
дық

Қоса 
беріл- 
ген 
білік- 
тілігі

Құқық- 
тық 
теңді- 
гімен

Өтініш 
беруші- 
нің 
қолы

Беріл- 
гені 
туралы 
белгі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

                                      Білім туралы құжаттарды тану 
                                    және нострификациялау ережесіне 
                                              11-қосымша 
                                                          Үлгі

   Білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау 
      жөніндегі куәліктердің дубликатын беру журналы

 


N

Өтініш беру- 
шінің 
тегі, аты, 
әкесінің аты

Дубли- 
каттың 
сериясы 
мен 
нөмірі

Дубли- 
катты 
берген 
күні

Куәліктің 
сериясы, 
нөмірі 
және бер- 
ген күні

куәліктің 
жоғалғаны 
жөнінде 
растайтын 
құжаттар

өтініш 
беруші- 
нің қолы 
(дубликат- 
ты бергені 
туралы 
белгі)

1

2

3

4

5

6

7