Баптар

Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы

Құрылған:10.03.2016, 12:23   |   Жаңартылған:10.03.2016, 12:23

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12777 болып тіркелді

 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналар:
      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес білім беру жүйесіне тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;
      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;
      4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;
      5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;
      6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;
      7) осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;
      8) осы бірлескен бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;
      9) осы бірлескен бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес білім басқару органдарының қызметіне қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;
      10) осы бірлескен бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
      2. «Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 479 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының № 583 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11994 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 қырқүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С. Нюсупов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді ресми жариялауға жіберуді; 
      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т. Балықбаевқа жүктелсін. 
      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрінің       Ұлттық экономика министрінің
      міндетін атқарушы                  міндетін атқарушы
      _____________Т. Балықбаев          _____________ М. Құсайынов
      2015 жылғы 31 желтоқсан           2015 жылғы 31 желтоқсан

Косымшалар