Баптар

Аумақтық органдардың қызметтерін үйлестіру басқармасы туралы Ереже

Құрылған:17.02.2016, 18:38   |   Жаңартылған:17.02.2016, 18:38

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық органдардың қызметтерін үйлестіру басқармасы туралы ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

1.  Аумақтық органдардың қызметтерін үйлестіру басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің (бұдан әрі - Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен  Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Министрдің және Министрліктің Жауапты хатшысының, Комитеттің бұйрықтарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Басқарманың штаттық сандарын Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес Министрліктің Жауапты хатшысы бекітеді.

 

2.     Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

4. Міндеттері: Білім және ғылым саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Аумақтық Білім саласындағы бақылау департаменттерінің (бұдан әрі – Департамент) қызметін жоспарлауды үйлестіру және ұйымдастыру.

5. Функциялары:

1)   Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінің, Министрлік пен Комитет басшылығы тапсырмаларының, сонымен қатар Министрлік пен Комитеттің жыл сайынғы іс-әрекеттер жоспары тармақтарын дер кезінде және толық көлемде орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

2)   Комитеттің құзыреті шегінде басшылыққа білім саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясаттың қалыптасуы, білім саласын дамытудың басымдылық бағыттарының анықталуы бойынша ұсыныс әзірлейді және енгізеді;

3)   Комитет пен Департаменттердің құзыретіне жататын мәселелер бойынша білім және ғылым саласын дамыту стратегиялық жоспарларын, мемлекеттік бағдарламаларды орындау жұмыстарын үйлестіреді;

4)  Департаменттер қызметтерінің негізгі бағыттары бойынша ақпараттық және талдамалық материалдар дайындайды;

5)  Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша Үкіметтің негізгі бағдарламалық құжаттарының дайындалуына қатысады;

6)  Өз құзыретінің шегінде белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

7)  Департаменттердің білім саласындағы мемлекеттік бақылау тетіктері мен нысандарын дамыту жөніндегі ұсыныстар даярлауға қатысады;

8)  Білім саласындағы бақылауды іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсыныстар мәселелері бойынша Департаменттермен қарым-қатынас жасайды және қызметтерді үйлестіреді;

9)  Басқармаға оқулықтарды, оқу әдістемелік кешендерді және оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, сараптамадан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және бақылайды;

10)  Басқармаға жүктелген басқа да функцияларды, сондай-ақ, Министрлік пен Комитет басшылығының тапсырмаларын іске асырады.

6. Құқықтары:

1)  білім және ғылым саласын реттеу, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша нұсқаулықтар әзірлеуде ұсыныстар енгізуге;

2) Басқармаға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінен, Департаменттерден және білім беру ұйымдарынан толық көлемде қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұрап алуға, талап етуге;

3) Министрлік пен Комитеттің басшылығының қарауына Басқарманың құзыретіне қатысты мәселелер бойынша талдамалық анықтамалар мен қызметтік жазбалар ұсынуға;

4) Басқарманың құзыреті шегінде Департаменттердің, Комитеттің, Министрліктің және сыртқы ұйымдардың қызметкерлерімен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етуге; 

5) мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша нұсқаулықтар әзірлеуге қатысуға;

6)  Департаменттерден, білім беру ұйымдарынан, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан өз міндеттерін іске асыруға қажетті ақпараттарды, Департаменттердің атқарған жұмыстары туралы есептерді сұрауға;

7)  Басқарманың құзыретіне қатысты мәселелер ауқымында семинарлар мен мәжілістер өткізу, басқа да іс-шаралардың  ұйымдастырылуына, өткізілуіне қатысуға;

9) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түскен хаттарды, азаматтардың өтініштері мен арыздарын қарап, Комитет басшылығына тиісті ұсыныстарды әзірлеуге;

10) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік Алқасының қарауына, Департаменттердің жұмысын нығайту және жетілдіру жөнінде басшылыққа ұсыныстар енгізуге;

11) Басқарманың құзыреті шегінде басқа министрліктерде, агенттіктерде, ведомстволар мен ұйымдарда Комитет өкілі болуға;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Үкімет пен Министрліктің актілеріне сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

 

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

7. Басқарма білім және ғылым саласындағы бақылауды ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық және заңнамалық актілеріне сәйкес негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

8. Басқарманы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, төрағаның бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

9. Басқарма бастығы басқарманың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады. 

10. Басқарма бастығы осы мақсатта:

  1. Басқарма қызметшілерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Комитет төрағасына басқарма қызметшілерін көтермелеуге, сондай-ақ оларға тәртіптік жаза қолдануға ұсыныстар жасайды;
  3. Басқарма туралы Ереже мен басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын, жұмыс және іс-шаралар жоспарларын әзірлеп, бекітуге ұсынады;
  4. Комитет басшылығының тапсырмасы бойынша басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысына Комитет өкілі ретінде қатысады;
  5. Комитет басшылығының тапсырмалары мен бекітілген жұмыс жоспарларының (іс-шаралар) уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді;
  6. Қызметкерлердің өндірістік қызметін реттеуді және жедел бақылауды қамтамасыз етеді;
  7. Комитет құзіретіне қатысты сұрақтар бойынша басқарманың барлық қызметкерлері үшін міндетті тапсырмалар береді;
  8. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;
  9. Басқарманың құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға басқарма бастығы қол қояды, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.