Баптар

2017 жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау туралы баспасөз хабарламасы

Құрылған:20.12.2017, 15:20   |   Жаңартылған:20.12.2017, 15:20

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) «Білім туралы» ҚР Заңының 55 бабына сәйкес студенттердің оқуды аяқтау кезеңінде жоғары оқу орындарында білім беру ұйымынан тәуелсіз сырттай бағалау жүйесін қалыптастыру үшін енгізілді.

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (бұдан әрі - ОЖСБ) жоғары оқу орындарында оқудың барлық оқу нысаны бойынша білім алушы студенттер үшін өткізіледі.

Білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ның міндеттері:
1) білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді жүзеге асыру;
2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;
3) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау жасау болып табылады.

Ағымдағы жылы ОЖСБ 8-12 қараша аралығында  46 ЖОО-да 5 лекте өткізілді. Оған 104 ЖОО-ның барлық оқу түрлерінен сегіз бағыт: гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, білім, құқық, ауылшаруашылық ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технология; қызмет көрсету (барлығы 101 мамандық)  бойынша бітіруші курс студенттері қатысты.  Рәсімге өтініш берген 46 307 студенттің 42 592-сі қатысты, оның ішінде қазақ тілінде оқитын 28 297 студент, орыс бөлімінің 14 295 студенті қатысты.

Рәсім  жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған 2 базалық және 2 бейінді пән бойынша кешенді тестілеу түрінде өткізілді.
Республика бойынша жалпы орташа балл – 81 (мүмкін болатын 200 балдан) (2016 ж. – 80 балл), бағыттар кесіндісінде:

  • Гуманитарлық ғылымдар – 92 балл (2016 ж. – 97 балл);
  • Ауылшаруашылық ғылымдары – 77 балл (2016 ж. – 88 балл);
  • Білім – 85 балл (2016 ж. – 86 балл);;
  • Жаратылыстану ғылымдары – 88 балл (2016 ж. – 85 балл);;
  • Қызмет көрсету – 80,6 балл (2016 ж. – 80,7 балл);
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес – 76,6 балл (2016 ж. – 79,5 балл);
  • Құқық – 91 балл (2016 ж. – 79,5 балл);
  • Техникалық ғылымдар және технология – 76,7 балл (2016 ж. – 70,8 балл).

ОЖСБ өткізу кезінде 41 434 тыйым салынған заттар тәркіленді (17 622 ұялы телефон, 23 498 шпаргалка).
Тестілеу барысында білім алушылар тарапынан ОЖСБ өткізу тәртібін бұзу жағдайлары орын алды. 449 студент тестілеуден шығарылып, нәтижелері жойылды.

Бұл мониторинг мәліметі пәндерді оқытуды жетілдіру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға, сонымен қатар мамандарды дайындау жөніндегі білім беру ұйымдарының  рейтингісін  одан әрі анықтауға негіз болады.  Сырттай бағалау нәтижесі республикадағы білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы Ұлттық баяндамада көрсетіледі.