Баптар

2017-2018 ж. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау туралы баспасөз хабарламасы

Құрылған:20.12.2017, 15:20   |   Жаңартылған:18.05.2018, 18:17

2018 жылы өткізілген орта білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ қорытындысы туралы

 

2018 жылғы 9-24 сәуір аралығында орта білім беру ұйымдарының 4, 9 және 11 сыныптардың оқу жетістіктерін сырттай бағалауы (бұдан әрі - ОЖСБ) өткізілді. ОЖСБ-ға қатысқан білім ұйымдарының жалпы саны - 1406.

ОЖСБ-ның өткізілуін Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық Білім саласындағы бақылау департаменттері мен Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілдері бақылады.  

4-сыныптардағы ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде арнайы бланкілер мен жауап парағының көмегімен өткізілді.

4-сынып оқушылары ОЖСБ-ны екі пәннен: математика және әдебиеттік оқыту пәндерінен тапсырды. Әр пән 15 тест тапсырмасынан тұрады,    жалпы саны – 30.

Тестілеуге жалпы 70 минут (1 сағат 10 минут) уақыт беріледі. Максималды балл саны – 30.

ОЖСБ-ға республика бойынша 1377 білім беру ұйымдары қатысып, 61 781 оқушы тестілеуден өтті, оның ішінде қазақ тілінде – 38 236, орыс тілінде – 23 545 оқушы. 

Республика бойынша 4-сыныптардағы ОЖСБ-ның орташа баллы – 19,97, оның ішінде қазақ тілінде – 19,9, ал орыс тілінде – 20,1.

9-сыныптардағы ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде арнайы бланкілер мен жауап парақтарының көмегімен, сонымен қатар компьютерлерді қолдану арқылы онлайн режимінде өткізілді.

9-сынып оқушылары ОЖСБ-ны 2 пәннен тапсырды: қазақ тілі – міндетті пән, екінші пән – оқытылатын пәндердің бірі.

Тестілеуге жалпы 130 минут (2 сағат 10 минут) берілді. Максималды балл саны – 75 балл.

            Республика бойынша 9-сыныптардағы ОБЖС-ға барлығы 1393 мектеп қатысты, тестілеуге барлығы – 43 731, оның ішінде қазақ тілінде – 26 353, орыс тілінде – 15 920, тәжік тілінде – 97, өзбек тілінде – 1146, ұйғыр тілінде - 215 оқушы қатысты.

9- сыныптарда республика бойынша орташа балл мүмкін болған 75 балдан – 38,7 балл, оның ішінде қазақ тілінде – 38,2, орыс тілінде – 40,5, тәжік тілінде – 17,9, өзбек тілінде – 27,6, ұйғыр тілінде – 35,9 балл.

11-сыныптардағы ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде арнайы бланкілер мен жауап парақтарының көмегімен, сонымен қатар компьютерлерді қолдану арқылы онлайн режимінде өткізілді.

11-сынып оқушылары ОЖСБ-ны 3 пәннен тапсырды:қазақ тілі, алгебра және анализ бастамалары және Қазақстан тарихы.

Тестілеуге жалпы 140 минут (2 сағат 20 минут) берілді. Максималды балл саны – 100 балл.

Республика бойынша 11-сыныптардағы ОБЖС-ға барлығы 680 мектеп қатысты, тестілеуге барлығы – 12 858 оқушы қатысты, оның ішінде қазақ тілінде – 7 940, орыс тілінде – 4 732, тәжік тілінде – 21, өзбек тілінде – 137, ұйғыр тілінде – 28.

11- сыныптарда республика бойынша орташа балл мүмкін болған 100 балдан – 63,8 балл, оның ішінде қазақ тілінде – 62,7, орыс тілінде – 67, тәжік тілінде – 29,5, өзбек тілінде – 31,6, ұйғыр тілінде – 37,7.

 

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

 

 

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) «Білім туралы» ҚР Заңының 55 бабына сәйкес студенттердің оқуды аяқтау кезеңінде жоғары оқу орындарында білім беру ұйымынан тәуелсіз сырттай бағалау жүйесін қалыптастыру үшін енгізілді.

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (бұдан әрі - ОЖСБ) жоғары оқу орындарында оқудың барлық оқу нысаны бойынша білім алушы студенттер үшін өткізіледі.

Білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ның міндеттері:
1) білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді жүзеге асыру;
2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;
3) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау жасау болып табылады.

Ағымдағы жылы ОЖСБ 8-12 қараша аралығында  46 ЖОО-да 5 лекте өткізілді. Оған 104 ЖОО-ның барлық оқу түрлерінен сегіз бағыт: гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, білім, құқық, ауылшаруашылық ғылымдары, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технология; қызмет көрсету (барлығы 101 мамандық)  бойынша бітіруші курс студенттері қатысты.  Рәсімге өтініш берген 46 307 студенттің 42 592-сі қатысты, оның ішінде қазақ тілінде оқитын 28 297 студент, орыс бөлімінің 14 295 студенті қатысты.

Рәсім  жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған 2 базалық және 2 бейінді пән бойынша кешенді тестілеу түрінде өткізілді.
Республика бойынша жалпы орташа балл – 81 (мүмкін болатын 200 балдан) (2016 ж. – 80 балл), бағыттар кесіндісінде:

  • Гуманитарлық ғылымдар – 92 балл (2016 ж. – 97 балл);
  • Ауылшаруашылық ғылымдары – 77 балл (2016 ж. – 88 балл);
  • Білім – 85 балл (2016 ж. – 86 балл);;
  • Жаратылыстану ғылымдары – 88 балл (2016 ж. – 85 балл);;
  • Қызмет көрсету – 80,6 балл (2016 ж. – 80,7 балл);
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес – 76,6 балл (2016 ж. – 79,5 балл);
  • Құқық – 91 балл (2016 ж. – 79,5 балл);
  • Техникалық ғылымдар және технология – 76,7 балл (2016 ж. – 70,8 балл).

ОЖСБ өткізу кезінде 41 434 тыйым салынған заттар тәркіленді (17 622 ұялы телефон, 23 498 шпаргалка).
Тестілеу барысында білім алушылар тарапынан ОЖСБ өткізу тәртібін бұзу жағдайлары орын алды. 449 студент тестілеуден шығарылып, нәтижелері жойылды.

Бұл мониторинг мәліметі пәндерді оқытуды жетілдіру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға, сонымен қатар мамандарды дайындау жөніндегі білім беру ұйымдарының  рейтингісін  одан әрі анықтауға негіз болады.  Сырттай бағалау нәтижесі республикадағы білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы Ұлттық баяндамада көрсетіледі.