Баптар

2016 ж. ОЖСБ. Пресс-релизі

Құрылған:05.04.2016, 16:00   |   Жаңартылған:05.04.2016, 16:00

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ары қарай - ОЖСБ) 2012 жылы енгізілген.

Орта білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ оқушылардың негізгі орта білімнен кейін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтау және білім беру қызметі сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі.

ОЖСБ өткізілу уақыты және қатыстырылатын орта білім беру ұйымдарының тізімі Білім және ғылым министрлігімен бекітіледі. 2016 жылы ОЖСБ-ға республиканың 559 орта білім беру ұйымы қатысады, рәсім үш лекте: 5 сәуірде бірінші лек, 8 сәуірде – екінші лек; 12 – 16 сәуір аралығында өтеді.

 ОЖСБ «қағаз түрдегі» тестілеу, яғни жауап парақтары мен сұрақ-кітапшалары көмегімен, сондай-ақ онлайн тәртібінде компьютерлік тестілеу арқылы өткізіледі.

Тестілеуге орта білім беру ұйымдарының 4 және 9 сынып оқушылары қатыстырылады. Жоспар бойынша қатысатындар саны: 4 сыныптарда – 15325 оқушы, 9-сыныптарда – 31723 оқушы. Іріктелініп алынған 559 мектептің 138-інде 9 сынып оқушылары ОЖСБ-ны компьютерлік, 4 сынып оқушылары «қағаз түріндегі» тестілеу бойынша тапсырады.

2016 жылы ОЖСБ үш лек бойынша 5, 8 және 12 сәуірде өткізіледі.

ОЖСБ 4-сыныптарда жыл сайын уәкілетті орган айқындайтын 2 пән бойынша (әр пәннен 15 сұрақтан), 9-сыныптарда қазақ тілі (20 сұрақтан) және тізбесі мен саны жыл сайын уәкілетті органмен айқындалатын жалпы білім беретін пәндердің бірі (40 сұрақтан) бойынша жүргізіледі.

Тестілеуге 4 сыныптар үшін 70 минут, 9 сыныптар үшін 130 минут уақыт беріледі. ОЖСБ тестіленушілер білім алып жатқан білім беру ұйымдарының базасында жүргізіледі.

Тестілеу үрдісін ОЖСБ өткізілетін мектептерге жіберілген ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Білім саласындағы бақылау департаменттерінің уәкілетті өкілдері қадағалайды.  ОЖСБ технологиясы бойынша өкілдерге арналған семинар Білім саласындағы бақылау департаменттерінде жүргізіледі.

Емтихан материалдарын өңдеу үшін «қағаз түрдегі» тестілеу аяқталғаннан кейін Ұлттық тестілеу орталығы филиалдарына жеткізіледі. Нәтижені алу мақсатында жауап парақтары ҰТО филиалында сканерленеді. Компьютерлік әдіспен өткен тестілеудің нәтижесі мектепте лек аяқталғаннан кейін беріледі.

Білім алушылардың пәндік білімдері мен функционалдық сауаттылықтары: математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы, ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығы бағаланады.