Баптар

2015 жылғы республикадағы ЖОО-да оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың қорытындысы туралы

Құрылған:30.12.2015, 11:50   |   Жаңартылған:30.12.2015, 11:50

«2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жоғары білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу туралы» бұйрыққа сәйкес ағымдағы жылы 9-14 қараша аралығында  46 ЖОО-да 5 лекте ОЖСБ өткізілді. Оған 104 ЖОО-ның барлық оқу түрлерінен сегіз бағыт: білім, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; құқық, гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, ауыл шаруашылық ғылымдары, техникалық ғылымдар және технология; қызмет көрсету (98 мамандық)  бойынша бітіруші курстарының студенттері қатысты.  Рәсімге өтініш берген 55 093 студенттің 49 654-і қатысты, оның ішінде сырттай оқу бөлімі – 3 023, 104 ЖОО-ның 4-і ұлттық, 27-сі мемлекеттік, 15-і акционерлік, азаматтық емес- 4, жекеменшік – 51.

Тестілеуді объективті және ұйымдасқан түрде өткізу үшін Білім саласындағы бақылау департаменттерінің ұсынымымен Министрлік базалық ЖОО-ларға арнайы оқытылған 266 Білім және ғылым министрлігінің өкілдері жіберілді. Жергілікті жерде ОЖСБ-ны өткізу мен үйлестіруді Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтағы органдары жүзеге асырды Тестілеу ережесін бұзғаны үшін 14 студенттің нәтижелері жойылды. БСБД мәліметі бойынша тестілеу кезінде 30 010 тыйым салынған заттар алынды: оның ішінде 22 414 шпаргалка, 9 596 ұялы телефон.

Рәсім  жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған 2 базалық және 2 бейінді пән бойынша кешенді тестілеу түрінде өткізілді. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25, тестілеу орыс және қазақ тілдерінде откізілді.

Республика бойынша жалпы орташа балл – 79 (мүмкін 200 балдың) (2014 ж. – 81 балл), қазақ тілінде оқитындар – 78, орыс тілінде – 80,8.

Оқу нысаны бойынша: сырттай оқу бөлімі студенттерінің орташа балы – 63, ол күндізгі оқу бөлімі студенттерінің орташа балынан (80) 17 балға төмен.

Бұл мониторинг мәліметі пәндерді оқытуды жетілдіру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға, сонымен қатар мамандарды дайындау жөніндегі білім беру ұйымдарының  рейтингісін  одан әрі анықтауға негіз болады.  Сырттай бағалау нәтижесі республикадағы білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы ұлттық баяндамада көрсетіледі.